• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 15:27:35
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Аймақтар

2 ауданда жаңа емхана мен аурухана салынады

Жамбыл облысында биыл 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ өңірде іргелі денсаулық сақтау ұйымдарының да құрылысы қарқын алған. Бұл орайда, «Ауыл-Ел бесігі!» жобасы да оңтайлы кәдеге жарап келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыста медициналық нысандармен қамтамасыз ету жобасына 2 миллиард 13 миллион 7 мың теңге жұмсалды. Мұнда бюджетті оңтайландыру бағдарламасына сай медициналық пункттерге 26 миллион теңге, фельдшерлік-акушерлік пункттер 30 миллион теңге, дәрігерлік амбулаториялар 35 миллион теңге жұмсалды. Медициналық ұйымдардың ғимараттарына қажеттілікті қанағаттандыруда оны сатып алу әдісі де қолданылуда. Сонымен бірге, 2018 жылы 200 төсектік облыстық онкологиялық диспансер ғимаратының құрылыс басталды. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 13 миллиард 900 миллион теңгені құрайды.

–«Ауыл-Ел бесігі!» атты жоба аясында Байзақ аудандық орталық ауруханасында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Және де Шу ауданындағы Еңбекші және Жаңа жол ауылдық дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шу ауданының орталық аудандық ауруханасына емхана ғимаратын жапсарлас салу жұмыстары «Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жалпы құны 410 миллион теңгедей болатын жобаны 2019-2020 жылдар аралығында іске асыру межеленіп отыр.Байзақ ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысын қолға алу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары мерзімі 2022-2023 жылдар аралығында жүргізіледі. Сондай-ақ мұндай емхана және аурухана құрылысы Қордай ауданында да қолға алынбақ. Нысандардың құрылысы жұмыстарының жобалаық сметалық құжаттарын әзірлеуге 22 миллион 400 мың теңге қаржы қарастырылды. Мердігер «Лидер Проект Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі жобалау құжаттамаларын мемлекеттік сараптамаға тапсырды. Нәтижесінде алдағы уақытта Қордай ауданында 250 орындық емхана және 270 төсектік аурухана құрылысы қолға алынады. Бұл мақсатта 9 миллиард 200 миллион теңге қаржы жұмсалмақ. Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізуге Қордай ауылының «Батыс» мөлтек ауданынан 4,8 га жер телімі белгіленді. Құрылыс жұмыстары мерзімі 2020-2023 жылдар аралығында жүргізілмек, –дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір