• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:53:15
Алматы
+35°

Агросектор экономиканың жаңа драйвері. Ұлан-ғайыр алқапты жайлаған Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы экономикалық өсімді қамтамасыз етуші бірден-бірі сала саналауы бекер емес. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында ауыл шаруашылығы қазақстандықтардың негізгі ресурсы екеніне баса назар аударып, оның әлеуетін толық пайдалануға шақырды. Өз кезегінде әу бастан ауыл шаруашылығына маманданып, халықтың көбі ата кәсіпке бейім Жамбыл өңірінде Президенттің бұл тапсырмасын орындауда тиянақтылық байқалады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әсіресе кезінде қойшылар маршалы атанған Жазылбек Қуанышбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағын алып берген Мойынқұм даласында мал шаруашылығына айрықша мән берілуде. Бүгінде аудан шаруалары 40 мыңға жуық мүйізді ірі қара, 180 мыңға жуық қой-ешкі, 8 мыңнан аса жылқы, 1500 басқа жуық түйе өсіріп жатыр. Жаз-Атаның ізбасарлары ауданда малдың басын өсіріп, одан мол өнім алуда нәтижелі еңбек етіп келеді. Ет, сүт, жұмыртқа сынды ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде де ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш бар.

–Өткен жылдың 8 айында мал шаруашылығы бойынша 2 миллиард 312 миллион 400 мың теңгенің өнімі өндірілсе, биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 2 миллиард 818 миллион 300 мың теңгеге дейін ұлғайған. Сондай-ақ мал басы санында өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Мысалы мүйізді ірі қара саны 3872 басқа , қой-ешкі 2919 басқа, жылқы 302 басқа, түйе 226 басқа, үй құстары 3320 басқа өскенін мақтанышпен айтуға болады. Нәтижесінде ет, сүт, жұмыртқа сынды ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіруде жоғары нәтижеге қол жеткізілді,–дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Мал басы санын арттырып, оның өнімділігін арттыру жолында шаруа қожалықтарының еңбегі ерен. Олар өз малдарының сапалы жем-шөп қорымен қамтылумен бірге түрлі жұқпалы індеттерге қарсы егу шараларын жүйелі ұйымдастыра алды. Нәтижесінде мал басы саны өз төлінің есебінен көбейді. Оған қоса шөбі шүйгін, қысы-жазы малға қолайлы аймақ саналатын Мойынқұм өңірініі климатын да мал шаруашылығын дамыту еш қиындық тудыра қоймайды. Әрі бұған мемлекет тарапынан шаруалар қарастырылған оңтайлы жағдайды қоссаңыз Мойынқұмдағы мал шаруашылығы заман ағымымен дамудың даңғылына түскенін аңғара аласыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір