• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 19:59:16
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қазан, 2019 NEWS

"Дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз"

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қала имамдарымен кездесті. Жиында қоғамдық келісім мен конфессияаралық диалогты сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматының бас имамы Еркінбек Шоқаймен және аудандардың бас имамдарымен болған кездесу кезінде жастармен жұмыс жүргізудің ерекше маңызы және жауапкершілігі жөнінде сөз болды.

Мемлекеттің орнықты дамуының негізі болып табылатын қоғамның тұрақтылығын, келісім мен өзара түсіністікті сақтауда қала мешіттері қызметкерлерінің маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.

– Қазақстанда түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде, біз сол үшін мақтана аламыз. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы осынау теңгерімді сақтауға айтарлықтай үлес қосуда, – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Ал Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай өз сөзінде мешіттердің қала өмірінің тұрақтылығына, қоғамның тыныштығына қосып жатқан үлестері мен мешіт қызметкерлерінің үнемі жамағатқа отансүйгіштік пен бейбітшілікті қадірлеуге бағытталған уағыз-насихаттарын жүргізіп жатқанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, мешіттер тарапынан Рамазан айы мен екі айт мерекелерінде және басқа да атаулы күндерде жасалып жатқан қайырымдылық жұмыстарына тоқталды. Ең бастысы, мешіт істерінің жүруіне қолдау білдіріп отырған қала әкімшілігі мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа алғыс білдірді. 

Алматыда 17 конфессия енетін 180 діни бірлестік, оның ішінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының 50 мешіті бар.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір