• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:44:41
Алматы
+35°

Елімізде соңғы жылдары жастарды әлеуметтендіру саласына айрықша басымдық беріліп келеді. Қазақстан Республикасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына арнаған Жолдауында да жастар жұмыссыздығы олардың белсенділігі мәселесіне мән беріліп, көрсеткіштер мен тиісті жұмыстарды ілгерілетуге нақты тапсырмалар берілгені мәлім. Жамбыл облысында да жастарды әлеуметтендіру ісінде салалық ведомстволық органдармен және Тараз қаласы мен аудан әкімдері арасында нақты межелер айқындалған 11 индикаторлық көрсеткіштер белгіленді. Мұндағы 7 көрсеткіш жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға бағытталған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылы өңірдегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4 пайызға азайды. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 3,7 пайыз екенін ескерсек, Жамбылдағы жастар жұмыссыздығын жоюға бағытталған шаралардың нәтижелігін атап өтуге болады. Облыста ағымдағы жылдың алғашқы ІІІ тоқсанында NEET санатына жататын жастардың үлесі 7,7 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға кеміді.

–Жалпы биыл Жамбылда 11 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту көзделген. Ал ағымдағы жылдың қазанына дейін 12 780 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып үлгерді. Олардың 5940-ы ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 1337-і қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 770 жас кәсіби оқытуға жіберілді. Сонымен қатар 2297 түлек жастар тәжірибесіне, 302-і әлеуметтік жұмыс орындарына, ал 1064-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Мұнан өзге 483 жас «Бизнес Бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Кәсіпкерлік негіздері бойынша теориялық білім алған 227 жас 976 миллион 100 мың теңгеге шағын несие алды. Бұл жастардың кәсіпкерліктегі қазіргі жетістіктері көңіл қуантады. Олар осы кәсіп арқылы өздерін жұмысын қамтып, армандарына қол жеткізіп қана қоймай талай жанды жұмыспен қамти алды. Жас кәсіпкерлер өндірген өнімнің нарықта үлкен сұранысқа ие болғанында атап өтіп керек, –дейді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Жастар жұмыссыздығын жоюдың келесі бір бағыты қайтарымсыз гранттар беруден көрінеді. Мәселен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде жастардың жаңа бизнес-идеяларын дамытуға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1129 жасқа қайтарымсыз грант тағайындалды. Бұл іске 570 миллион 100 мың теңге қаржы қарастырылды. Ал 360 жас 181 миилион 800 мың теңге қайтарымсыз грант алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір