• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:47:35
Алматы
+35°

Мемлекеттік жастар саясатында Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауынан туындаған басты міндеттің бірі келер жылдың Еріктілер жылы деп жариялануы болды. Облыста қазірдің өзінде еріктілік қызметтің әлеуетін мақсатты пайдалану мүмкіндігі жан-жақты қарастырылуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл облыстағы 2 мыңға жуық еріктінің дерекқоры жасалды. Сондай-ақ «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі жоспар да бекітілді. Жобаны іске асыруға 15 миллион теңге қаржы қаралды.

–Бұл қаржыға Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені ашылып, оларға қажетті жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ халық көп шоғырланатын сауда орындарында 5 қайырымдылық жәшігі орнатылды. Жыл басынан бері аталған дүкендер мен жәшіктер арқылы 977 отбасына 4 тоннаға жуық киім-кешек таратылды. Сол сияқты, жоба аясында волонтерлердің көмегімен облыс бойынша 609 отбасына 3 миллион 200 мың теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді. Мұнан бөлек «Қызыл жарты ай» қоғамдық қоры-754 келі киім-кешек түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Олардың барлығы да мұқтаж отбасыларға таратылды.

Жамбылдық еріктілер көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созудан бөлк түрлі мәдени-спорттық көпшілік шаралар ұйымдастыру шараларының бел ортасынан табылуда. Ал нәтижелі жұмыс атқарған 12 волонтерге демалыс орындарына жолдама алды.

Жамбылдық еріктілер Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шегушілерге көмек көрсетуден де аянып қалмады. «QamQor» қайырымдылық дүкенінде гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Елдігіміз сыналған осы бір шақта жамбылдық еріктілердің белсенділігіне 20 қалталы азамат пен «Вольтман» автодүкендер желісі үн қатты.Олардың көмегімен жиналған қаржыға тұрмысқа қажетті жабдықтар алынды. Осы бір шақта жамбылдық еріктілер 67 адамға көмекке көрсетті. Апат аймағынан жан сауғалап келген арыстықтар орналастырылған №13 Теміржол колледжіне еріктілердің тұрақты бақылауында болды, –дейді облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа.

Осыдан тура 3 жыл бұрын Жамбыл жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтті. Осынау ауқымды шараның бел ортасында жүріп, хандық тойының өз деңгейінде өтуіне үлес қосқан жамбылдық жастарда еріктіліктің мол тәжірибесі бар екенін де айта кету керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір