• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:24:31
Алматы
+35°

Ауыл мен қала мектебі арасындағы алшақтықты жою. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауында дәл осы мәселе айрықша мән беріледі. Әрі мәселені шешуде ауыл мектебіне білікті педагогтерді тарту тәжірибесін қалыптастыру жайында айтылды. Бұл орайда Мойынқұм ауданында да жыл санап мектептің материалдық техникалық базасы нығайып, ұстаздардың біліктілігі еселенуі нәтижесінде білім сапасы да арта түскен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандағы мектептердегі білім сапасы жайында айтқанда ең әуелі олардың материалдық-техникалық базасын нығая түскеніне айрықша назар аударған жөн. Мәселен негізінен типтік жобамен салынған Мойынқұм ауданындағы білім беру орындарына тұрақты түрде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

–Өткен жылы К.Қасымов, Ы.Алтынсари атындағы орта мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтсе, биыл Ә.Молдағұлова, Ағыбай батыр, М.Жұмабаев атындағы мектептердің қазандықтары сыртқа шығарылды. Ә.Төлепбергенов, Т.Рысқұлов, Абай атындағы орта мектептердің терезелері пластикке ауыстырылды. М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің 2 корпусы күрделі жөндеуден өтті. Абай, Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, №1 орта мектептері ғимараттарының инженерлік құрылымдары ағымдағы жөндеуден өткенін де айтуға болады, –дейді аудан әкімі Мәден Мұсаев.

Аудан мектептерінің материалдық әлеуетімен бірге ондағы білім саласы да жыл санап көтеріліп келеді.

–Биыл мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа баллы 91,5 пайызды көрсетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайыз жоғары екенін атап өткен жөн,–дейді Мәден Тоқтарбайұлы.

Білім сапасы қашанда өңірдің әлеуметтік –экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштің бірі болып қала береді. Әрі білім сапасы арттырмай өңірдегі өзге салаларда табысқа қол жеткізу мүмкін еместігі де белгілі жайт. Мектеп қабырғасынан басталған саналы тәрбие, сапалы білім беру ісі күні ертең тұтас қоғамның дамуының алғышарты екенін ескерсек бұл мәселеге атүсті қарауға болмайды. Әсіресе ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, оларды білікті мамандармен қамту ісі басты назарда. Президент пәрмен берген бұл бағытта сонда ғана нәтижеге жетіп, ауыл мен қала мектептері арасындағы айырмашылықты жоюға қол жеткізілмек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір