• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:55:22
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға айрықша басымдық берген болатын.

Ал, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында: Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.

2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет» деп атап көрсетті.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы, "Байзақ ауданы әкімдгінің халықты жұмыспен қамту орталығы" 4 бағытта аудан азаматтарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынып келеді.

-Орталықта қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері сапалы әрі тиімді жүргізілуде. Жалпы, 2017 жылы жүгінген азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны үшеу болған. Олардың ішінде «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» бойынша 1265 адамға қызмет көрсетілсе, «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беруге 3258 адамға қызмет көрсетілген, «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беруге» 19 адамға қызмет ұсынылды.

2018 жылы жүгінген азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны үшеу болған. Олардың ішінде «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» бойынша 3842 адамға қызмет көрсетілді, «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беруге 3241 адамға қызмет көрсетілді, «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беруге» 21 адамға қызмет ұсынылды,-дейді мекеменің директоры А.Сқақов.

Биылғы алғашқы тоқсанда жүгінген азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрі ұсынылған атқарылған. Оның ішінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметі «бір терезе» принципі бойынша 882 адамға қызмет көрсетілген. Ал «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеуге» 693 адамға қызмет ұсынылған.

Сонымен қатар «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беруге» қызметі 669 адамға көрсетіліпті. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беруде» 1 адамға қызмет көрсетілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір