• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:39:04
Алматы
+35°

Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға айрықша басымдық берілуде. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған басты бағыттардың бірі.

Осы орайда Тараз қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығында да оңды істер атқарылуда. Қазіргі таңда орталық арқылы 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері ұсынылады. Оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет толықтай автоматтандырылған, яғни «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетіледі және 3-і ішінара автоматтандырылған. Олар: "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу"; "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру"; "Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу"; "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру"; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекетті көрсетілетін қызметтер.

Орталық мамандарының айтуынша, жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу жөнінде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру үш бағытта жүзеге асырылады. Яғни халықты жұмыспен қамту орталығы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы өтініш білдіруге болады. Сонымен қатар www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы да бұл қызметке жүгінуге мүмкіндік бар.

Айта кету керек, 2018 жылы жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 6368 қызмет көрсетілген. Ал ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 1450 азаматқа қызмет көрсетілді.

Сол сияқты адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру жөнінде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру екі бағытта жүзеге асырылады. Яғни Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Өткен жылы Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 5761 адамға қызмет көрсетлген. Ал ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 1095 азаматқа жолдама берілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір