• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:29:44
Алматы
+35°

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 қазанында "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. Аталмыш Жарлық туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейзбуктегі парақшасында түсіндірме берді, – деп  хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі

"Осы құжат БАҚ беттерінде түрлі пайымдар мен пікірлер туғызды. Менің ойымша, бұл Президенттің «кезекті» Жарлығы. Бұл құжатқа 2018 жылғы шілдеде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережелеріне сәйкес қол қойылды. Аталған алқалы органның өкілеттілігін күшейту заңға сәйкес қарастырылады. Ал оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өмір бойы басқарады", – деп жазды.

Мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тағайындау туралы келісім тәртібіне келсек, іс жүзінде Президенттің барлық кадрлық мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдауына кедергі келтірмейді. Бұған дәлел, Елбасының өзі "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында: "Тоқаев менімен ақылдасады. Бірақ өзі шешім қабылдайды" деген болатын.

Елбасы Конституция бойынша еліміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы және ол Үкіметті жасақтайды. Ал мемлекет басшысы – облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жергілікті мәслихаттардың келісімдерімен тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға. Нақтырақ айтқанда, Президенттің құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-48 баптарында анық көрсетілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір