• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:15:18
Алматы
+35°

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлыққа қол қойғаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Осы жарлыққа қатысты бүгін, қазанда мәжіліс депутаттары Азаттық Радиосы пікірлерін айтқан.  

"Тоқаев Назарбаевсыз шешім қабылдай алмай ма?" деген сұраққа мәжіліс депутаттарының барлығы бірауыздан келісіп алғандай "Келісіп пішкен тон келте болмас" деп жауап беріпті.

– Елбасының өзі де сұхбаттарында "біздің елде қос билік атымен жоқ" деп бір емес бірнеше рет айтқан болатын. Бірақ осы сұраққа "келісіп пішкен тон келте болмас" деген сөз жауап болып тұрған секілді,  – Геннадий Шиповских. 

– Елбасы да лауазымды адам. Оның мемлекетке көп еңбегі сіңген. Сондай-ақ ол мемлекеттегі барлық кадрларды жақсы біледі. Екі лауазымды адам келісіп дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын, – дейді Меруерт Қазбекова. 

– Қалған құзырлы жұмыстардың барлығын азаматтық қоғамдағы пікірмен санаса отырып, өзінің құзыретін толыққанды орындап, ал санаулы аса маңызды мәселелрді ақылдасқанының еш әбестікі жоқ. Келісіп пішкен тон келте болмас деген ойдамын, – деп пікір білдірді Бақытбек Смағұл. 

– Бұл жердегі мұқтаждық емес. Келісіп пішкен тон келте болмас деп ойаймын. Бұл жерде президентіміздің де шеше алатын көрегендігі жетеді.Елбасымыз елді жасаған елдің басы болғандықтан келісіп, жеті ретөлшеп бір рет кескеннің еш айыбы жоқ деп ойлаймын, – дейді Бақытгүл Хаменова. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір