• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:02:51
Алматы
+35°

Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлауынша, жол ережесін бұзған шетелдік нөмірі бар автокөлік жүргізушілері бүгіннен бастап айыппұл төлеуге міндетті.

Сондай-ақ фото және видеофиксация жүйесіне тіркелген заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу туралы нұсқама тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілерге ғана емес, көлігі шетелде тіркелген азаматтарға да келеді.

Бұл жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында күшіне енбек.

"Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Себебі, заң бұзушылықтар туралы нұсқама Қазақстанда тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын", – деп түсіндірді бас прокуратура.

Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын.

Бас прокуратура шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау үшін әкімшілік полиция комитеті, ұлттық банк, мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, үлкен жұмыс жүргізген.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір