• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:31:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Шағын несиенің шарапаты мол

Еліміз нарықтық экономикаға бет тұрғалы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Елбасымыздың тапсырмалары нәтижесінде бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында да «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек»,– деп атап көрсетіп, нақты міндеттерді белгіледі.

Стратегиялық мақсаттардың аясында елімізде түрлі бағдарламалар қабылданып, іске асырылуда. Соның бірі- «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облыстық филиалы да айрықша атсалысуда.

Осы бағдарламаны іске асқаннан бері облыста жалпы микронесие сомасы 2 миллиард 120 миллион теңгені құрайтын 189 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде Қордың кепілдігімен 77 жоба, яғни бұл ретте олардың жалпы несие сомасы 825,1 миллион теңгені, ал Қордың кепілдігінің жалпы сомасы 425,7 миллион теңгені құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы несие сомасы 791,5 миллион теңгені құрайтын 67 жоба қаржыландырылған. Оның 19 жобасы «Даму» Қорының кепілдігі көмегімен жүзеге асқан.

Оның ішінде 61 жоба 2018 жылғы қаражат есебінен. Бұл ретте жалпы несие сомасы 715,1 миллион теңгені құрап отыр. Оның ішінде Тараз қаласында жалпы несие сомасы 655,2 миллион теңгеге 55 жоба, Қаратау қаласында 37,4 миллион теңгеге 4 жоба және Жанатас қаласында 22,5 миллион теңгеге 2 жоба қаржыландырылды.

Оның ішінде 18 несие бойынша Қордың жалпы сомасы 122,1 млн. теңгені құрайтын кепілдігі берілді. 6 жоба 2019 жылғы қаражат есебінен. Бұл ретте жалпы несие сомасы 76,4 миллион теңгені құрап отыр. Олардың барлығы Тараз қаласында жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 ғана жобаға Қордың 5,8 миллион теңгені құрайтын кепілдігі берілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір