• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:32:43
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек»,– деп атап көрсеткен болатын.

Бүгінде Жамбыл облысында өз ісін ашып, жеке кәсіпке бет бұрғандардың қатары көбейіп келеді. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан да тиісті қолдау-көмек көрсетілуде. Мысалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы жанынан ашылған Кәсіпкерлікті қолдау орталығы бүгінге дейін 21 мыңнан астам адамға кеңес беріп үлгерген.

Сонымен қатар орталық «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» компоненті шеңберінде білім алуға 108 кәсіпкерді «Назарбаев Университетіне» жіберген. Оның үшеуі биылғы жылы жіберілген болатын. Сондай-ақ қазіргі таңда осы оқуға 16 кәсіпкер өтінім беріп, олар қыркүйек айында білімін шыңдады.

Оған қоса, аймақтық филиал тарапынан Мобильді Кәсіпкерлікті Қолдау Орталығы іске қосылған. Бұл халыққа кеңес беру қызметтерін көрсету мақсатында өңірлерге баруға арналған арнайы автобус. Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы облыстық кәсіпкерлік басқармасы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының келісімі бойынша, кеңес беру мақсатында ай сайын Жамбыл облысының аудандарына шығып отырады.

Сонымен қатар Жамбыл жерінде басым жобаларды кредиттеу тетігі де қарастырылған. Бұл бағдарлама 2018 жылдан бастап іске асырылуда және оны іске асыру кезінде Даму Қоры кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру құралдары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсете отырып, қаржы агенттігінің функцияларын жүзеге асырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір