• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:04:32
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

"Бизнестің жол картасы" бойынша 800-ден астам жамбылдыққа қолдау көрсетілді

Президент Қ.Тоқаев жуырда өз Жолдауында «Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады» дей келе «Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді. Бұл мақсатқа Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, қаржылай қолдаудың игілігін жергілікті билікпен байланысы бар шаруашылықтар ғана көріп отыр» деген болатын.

Осы орайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Жалпы, «Даму» Қоры мемлекеттік қолдаудың жан-жақты және тиімді құралдарын енгізу арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік қаржы институты болып табылады.

Қазіргі таңда, «Даму» Қоры елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, қор «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы, басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі, «Береке» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы сынды бағыттар аясында тың бастамаларды жүзеге асыруда.

Бұл бағдарламалар шағын және орта бизнес үшін қаржылық және қаржылай емес қолдаудың түрлі құралдарын ұсынады.

Мысалы, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдан бері іске асырылып келеді және оны жүзеге асыру барысында Даму Қоры қаржы агенттігінің функцияларын орындайды. Атап айтқанда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиелерді ішінара кепілдендіру құралдары бойынша қаржылық қолдау көрсетіп, сондай-ақ шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға мақұлдау алғанға дейін консультациялық қызметтер түрінде қолдау көрсетеді. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері Жамбыл облысында 800-ден астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір