• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:38:11
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты міндеттер жүктелді. Қазіргі таңда Жамбыл облысында да бұл бағытта қыруар жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы тарапынан байыпты бағдарламалар лайықты жүзеге асуда. Мысалы, Жамбыл жерінде басым жобаларды кредиттеу тетігі қарастырылған. Бұл бағдарлама 2018 жылдан бастап іске асырылуда және оны іске асыру кезінде Даму Қоры кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру құралдары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсете отырып, қаржы агенттігінің функцияларын жүзеге асырады.

Жамбыл облысында бұл бағдарлама бойынша биыл жалпы несие сомасы 191 миллион теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданды, оның 3 бойынша субсидиялау шарттары түзілді. Субсидиялау шарттары түзілген жобалар бойынша жалпы несие сомасы 61 миллион теңгені құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінен бастап соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасы жылдық 6 пайызға дейін төмендетілетін түзетулер күшіне енді.

Сонымен қатар аймақтық филиал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында да нақты жұмыстарды іске асыруда.

Айта кету керек, бұл бағдарлама 2017 жылы іске қосылды. Осы бағдарлама шеңберінде Даму Қоры республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражатты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды несиелендіру үшін, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарға орналастыратын қаржы операторының функциясын орындауда.

Жамбыл облысында бұл бағдарлама Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларында жүзеге асырылуда. 2018 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 миллиард 232 миллион теңге бөлініп, Даму Қоры бұл қаражатты екінші деңгейлі 6 банкке орналастырған болатын. Атап айтқанда: «Сбербанк» ЕБ АҚ – 385,6 миллион теңге, «Қазахстан Халық Банкі» АҚ – 352,2 миллион теңге; «Forte Bank» АҚ - 220 миллион теңге; «АТФ Банк» АҚ – 130 млн. теңге, «Банк ЦентрКредит» АҚ - 100 миллион теңге; «Евразиялық банк» АҚ – 45 миллион теңге бөлініп, игерілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір