• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:53:40
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

"Берекенің" берері мол

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында да «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек»,– деп атап көрсеткен болатын.

Бұл бағытта Жамбыл облысында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Жамбыл облыстық филиалы тарапынан өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы өз жемісін беруде.

Бұл бағдарлама 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Осы Бағдарламаға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан барлығы 200 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Аталған қаражатты Даму Қоры өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жеңілдік шарттарымен кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге орналастырған болатын. Бұл бағдарлама қаражат есебінен 19 миллиард теңгесі Жамбыл облысының кәсіпкерлерін қаржыландыруға жұмсалды, нәтижесінде 56 кәсіпкер қолдауға ие болды. Оның ішінде 12 кәсіпкер ағымдағы жылғы алты айдың ішінде жалпы несие сомасы 587,2 миллион теңге көлемінде қаржыландырылды.

Сонымен қатар «Береке» шағын және орта кәсіпкерлікті өңірлік қаржыландыру бағдарламасының да тигізіп жатқан көмегі көп.

Жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалардың болуына қарамастан, біздің облыста жеңілдетілген қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігі мен Даму Қоры бірлесіп тепе-теңдік негізде қаражат бөлуді көздейтін «Береке» өңірлік бағдарламасы әзірленіп, оны 2016 жылдан бері жүзеге асыруда. Мәселен, 2016 жылы 500 миллион теңгеге алғашқы қаражат пулы құрылды. Оның 250,0 миллион теңгесі Жамбыл облысының әкімдігінен, ал қалған 250,0 миллион теңгесі «Даму» Қорынан бөлінді. Көрсетілген қаражат сол жылы «Қазкоммерцбанк» және «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамдарында орналастырылды. Нәтижесінде «Береке-1» бағдарламасы шеңберінде 14 кәсіпкер жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір