• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:14:44
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетіледі

Жамбыл облысында оқуын жаңадан бітіріп келген денсаулық сақтау саласы мамандарына көтерме ақы тағайындау, уақытша қызметтік пәтермен қамту, баспаналы болуына лайықты жағдай жасалып келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы жылдары еліміздегі медицина саласында кадр тапшылығы мәселесі байқалады. Өз кезегінде бұл мәселенің медициналық қызмет сапасына тікелей әсер ететін фактор екенін аңғару қиын емес. Әсіресе облыс орталықтарынан шалғай елді мекендердегі білікті кадр жетіспеушілігі сапалы медициналық қызметті көрсетуге кері әсер етеді. Сондықтан да ауылдық жерлерге арнайы мемлекеттік бағдарламалардың шарапатымен еңбек етуге келген дәрігерлер мен медбикелердің тұрақтап қалуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған абзал.

Бүгінде «Еnbek.kz» электронды порталында жамбылдық медициналық ұйымдарға 322 маман қажеттігін анықталған.

–Бұл қажеттілікті жою мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы комиссиясының қорытындысымен өңірге 185 жас маман бөлінді. Аталған бөліністегі 79 жас маман қалада жұмыс жасауда. Ал қалған 106 жас маман ауылдық елді мекендерге жолдама алды. Мұнан бөлек жыл басынан бері облысқа 126 жас маман келді. Мұндағы 60 жас маман облыс медицина саласына қызмет етуге өз еркімен келгені анықталып отыр. Ағымдағы жылдың 9 айында өңірге келген мамандардың 40-ы қаладан жұмыс тапса, қалған 86 жас маман ауылдық елді-мекендердегі денсаулық сақтау нысандарында жұмысқа орналасты,–дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше өңірге келген жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында жергілікті билікпен тиісті әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Мәселен ағымдағы жыл басынан бері облысқа келген 126 жас маманның 7-еуіне маманға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал 46 маманға 800 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілген. Сондай-ақ Жуалы ауданына барған 4 маманға жатақханадан орын берілсе, Жамбыл ауданында 2 жас маман, Мойынқұм ауданында 1 жас маманға қызметтік пәтер берілген. Айта кетерлік бір жайт өңірде әлеуметтік көмек алған жас мамандар үлесін арттыру бойынша облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімі арасында арнайы индикатор да бекітілген.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір