• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:12:09
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған тұңғыш Жолдауында медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жайына айрықша тоқталғаны белгілі.Бұл орайда ең әуелі денсаулық сақтау ұйымдарын техникалық тұрғыдан жабдықтау ісіне басымдық беріледі. Сәйкесінше Жамбыл облысындағы медициналық нысандардың материалдық-техникалық жабдықталу көрсеткіші жақсарып келеді. Тек биылдың өзінде жамбылдық медициналық ұйымдардың базасы 47 дана санитарлық көлікпен толықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл Жамбыл өңіріндегі шалғай аудандарға алғашқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға 321 миллион теңге қаржы қарастырылып, жергілікті денсаулық сақтау нысандарына 47 дана санитарлық автокөлік сатып алынды. Нәтижесінде өңірдегі медициналық нысандардың материалдық техникалық қамтамасыз ету көрсеткіші 78,8 пайызға дейін ұлғайды.

–Өткен жылдың қорытындысында өңірдегі медициналық ұйымдардағы материалдық техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 71,4 пайызды құраса, биыл бұл бағытта мақсатты жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде көрсеткішті 7,4 пайызға дейін ұлғайту мүмкіндігіне қол жеткіздік. Сондай-ақ өткен жылы аудандық орталық ауруханалардың жабдықталу көрсеткіші 87,03 пайызды құраса, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 85,7 пайызға теңесті. Ең бастысы былтыр тозған техникалық жабдықтардың үлесі 23,24 пайыз болса, биыл бұл көрсеткіш 6,44 пайызға дейін азайды.

Жалпы 2018 жылы облыстағы медициналық ұйымдарды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 2 миллиард 300 миллион теңге қаралған. Бұл қаржыға 942 дана медициналық құрал жабдық сатып алынды. Ал биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 миллиард 131 миллион теңге қаржы қаралып, 587 медициналық техника сатып алынды, –дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Медициналық қызмет сапасындағы негізгі фактор саналатын жедел жәрдем көліктерінің қызметін ұйымдастыруда маңызға ие көрсеткіш саналады. Сондықтан өңірдегі барлық жедел жәрдем көліктеріне GPS-навигациямен жабдықталған. Аталған құрылғыны орнату нәтижесінде медициналық бригада түскен шақыртуға дер шағында көмекке ұмтылу көрсеткіші ұлғайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір