• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:06:44
Алматы
+35°

Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жолында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының түйінді ұлттық индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облыстық әділет Департаменті де өз үлесін қосуда.

-Әділет департаменті Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жұмысын ұйымдастыру саласына бақылау жүргізеді. 2019 жылдың 9 айында Жамбыл облысы аумағында барлығы 1831 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 605 заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден өткен, оның ішінде 125 заңды тұлға, 35 филиал мен өкілдік, 445 электронды түрде тіркеуден өткен. 

Ал 426 заңды тұлға оның ішінде 316 заңды тұлға мемлекеттік қайта тіркеуден өткен, 110 филиал мен өкілдік есептік қайта тіркеуден және 148 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер жарғыларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тіркеуінен өткен.

652 заңды тұлғалардың таратылуы, филиал мен өкілдік есептік тіркеуден шығарылуынан өткен.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес- ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2019 жылдың 2 сәуірдегі Заңына өзгерістер енгізілген.

Бұл саладағы жаңалық 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдерді есептік тіркеу функцияларын, «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына берілді,-дейді Жамбыл облысы әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Дәурен Дайрабаев.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бағыты бойынша департамент тарапынан 153)адвокатпен келісім шарт жасалыныпты.

"Заң көмегін көрсету» 005 бюджеттік бағдарламамен қаржыландыру жоспары бойынша 77 563 000 теңге бөлінді. Есепті кезеңде игерілгені – 56 334 002 теңге. 005 бюджеттік бағдарлама бойынша сот, тергеу және анықтау органдарымен – 7593 қаулы шығарылды, оның ішінде: соттармен – 4159, оның ішінде қылмыстық – 3588, азаматтық – 97, әкімшілік - 474, тергеу және анықтау органдарымен (қылмыстық) – 3434.

Заңда көрсетілген жағдайлар бойынша тегін заң көмегі көрсетілген адамдар саны - 7709-ды құрайды",-дейді Дәурен Жигулиұлы.

Құқықтық қоғам құруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір