• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:25:58
Алматы
+35°

Мемлекет басқысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне айрықша назар аударғаны белгілі. Бұл тұрғыда Президент: «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.

Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет.

Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Әділет департаменті тарапынан 2019 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласы бойынша» жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес, Департаментпен және барлық аудандық, қалалық Әділет басқармаларымен ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.

Осы орайда бұқаралық ақпарат құралд дәріс оқылып, 10 семинар, дөңгелек үстел отырыстары өткізілген.

Сонымен қатар, Әділет департаментінің басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесіне сай күнделікті қабылдау жүргізілуде.

Одан бөлек, Департаментпен әлеуметтік желілерде тиісті аккаунттар ашылған, осы арқылы жергілікті азаматтарды толғандыратын сауалдарына тиісті жауаптар беріледі.

-Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн.

Аталған бағытқа Әділет органдары өз үлесін қосуда. Нақты айтқанда, Әділет департаменті және аудандық , қалалық Әділет басқармаларымен, 12 мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Оның ішінде 10-ы электрондық түрде көрсетілуде. Департамент тарапынан биылғы жарты жылда 5089 қызмет көрсетілді, оның ішінде 1434-і электронды түрде,-дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Дәурен Дайрабаев.

Сонымен қатар 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдарының азаматтық хал актілерін тіркейтін мамандарымен, барлығы: 23 256 актілері тіркелген.

Есепті кезеңде 3268 ресми құжатқа апостиль қойылған. Оның ішінде АХАТ органдарымен берілген 363 құжат, нотариат органдары арқылы түскен –2906 құжат бар.

Апостилдеу үшін - 4 125 850 тенге мемлекеттік алым өндірілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір