• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 21:36:27
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

"Дамудың" демеуімен кәсібін дөңгелетуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі» атты халыққа арнаған Жолдауында «Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Елімізде кәсіпкерлікті дамытудың үлгі боларлық мысалдары жеткілікті. Біз шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдауымыз керек»,– деп атап көрсеткен болатын.

Бүгінде Жамбыл облысында өз ісін ашып, жеке кәсіпке бет бұрғандардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі- Шу қаласының тұрғыны, «Біржан-Нұрдәулет» жауапкершілігі серіктестігінің директоры Сәуле Қожабекова. Ол осыдан екі жыл бұрын балабақша ашып, қазіргі таңда 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Сәуле Сансызбайқызы табыс тауып, асып-тасып өмір сүрудің қамын күйттеп жүрген жан емес. Әрине, пайда да керек. Дегенмен де кейіпкеріміздің балабақша ашудағы ең басты мақсаты-ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орында еліміздің тірегі болып табылатын жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, сапалы біліммен қаруландыру.

–Ел үшін игілігі бар істің үлкен-кішісі болмайды. Рас, егер өзге саладағы істер­ді де қолыма алсам, үйіріп кетуге білімім де, ішкі қуатым да жетер еді. Ал мен ең үлкен, ең игілікті іс - бала тәрбиесі деп білемін. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген жоқ па еді? Ұлы адам бұл жерде бала тәрбиесін басты мәселе етіп көтеріп отыр. Біздің тәуелсіз еліміздің тілі де, ділі де балабақшадан басталады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі емес пе?

Мен әу бастан осы істі жүрекпен қаладым. Көпжылдық арманыма 2017 жылы қол жеткіздім. «Даму» қоры арқылы 2017 жылдың желтоқсан айында 10 миллион теңге алдық. Алғаш ашылғанда 75 бала қамтылған болатын. Ал қазіргі таңда 100 бүлдіршін Кәусар», «Сезім», «Еркежан, «Әдемі» топтарына бөлініп, балабақшада тәлім алуда. Бізде балаларға барлық жағдай жасалған. Өз қазандығымыз бар. Сонымен қатар ауданда балаларды балабақшаға тасымалдауды алғаш болып біз бастадық.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысымызды одан әрмен кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Себебі балабақша орналасқан аумаққа халық кейінгі жылдары көп қоныстануда. Соған сай сұраныс арта түсуде, –дейді С. Сансызбайқызы.

Бұл Сәуле Сансызбайқызының кәсіпкерлік саласындағы алғашқы қадамы емес. 2007 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында Шу ауданы, Ақтөбе ауылында «Ақерке» балабақшасын ашып, көпке үлгі боларлық іс жасаған. Енді кәсіпкер ана жүргізіп отырған кәсібін кеңейту мақсатында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие алуды жоспарлап отыр. Айтуынша екінші деңгейлі банктен 8 миллион теңге келісім келген. Сонымен қатар серіктестік басшылары балабақша жанынан жылыжай салуды, сол арқылы бүлдіршіндерді бақша өнімдерімен қамтамасыз етуді де көздеп отыр.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір