• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:23:07
Алматы
+35°

Бүгінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында көптеген ауқымды істер жүзеге асырылуда. Бұқаралық спортты тұрғындардың, оның ішінде жастарға, аудан тұрғындарына қолжетімді ету, спорттық шеберлікті шыңдау, мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлігіне айналды.

Бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқының 30 пайызға жуығын бұқаралық спортқа тарту жөніндегі тапсырмасы өз өзектілігін жойған жоқ.

Қазіргі таңда Жамбыл облысының Сарысу ауданында 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі осы бағытта қызмет атқарып келеді Серік Мінажетұлы Ниязов. Басқаратын Жаңатас қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 58 адам еңбек етеді. Мұнда 22 жаттықтырушы-оқытушы 11 спорт түрі бойынша 891 оқушының шеберлігін шыңдауда.

Ал Саудакент ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 19 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Мұнда 10 спорт түрі қамтылған. Жалпы 646 оқушы жатығып келеді.

Сол сияқты Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 7 спорт түрі бойынша 275 оқушы тіркелген. Жас жеткіншектерге 10 жаттықтырушы-оқытушы дәріс беруде.

Тоғызкент ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Серік Байсейтұлы Ниязов басқарып келеді. Мекемеде жалпы 23 штаттық бірлік қарастырылған. Олардың 10-ы жаттықтырушы-оқытушы. Мұнда спорттың 9 түрі бойынша 340 бала жаттығып жүр.

Осы санаттағы мекемелер қатары кейінгі жылдары бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен толықты. Жаңатас қаласында орналасқан мектепті Нұржан Дүйсенбайұлы Айнеков басқаруда. Мұнда 8 жаттықтырушы-оқытушы 315 жеткіншекті былғары қолғаптың қыр-сырына баулуда.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, балалар мен жасөспірімдерді спортқа жүйелі түрде қатыстыруға, спортшылардың спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аудандағы 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 16 түрі қамтылған, 9 олимпиадалық, 5 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрінен 2467 спортшы спорттық шеберліктерін шыңдауда.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді және «Болашаққа бағдар: рухани жағыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғаса беретін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір