• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:10:57
Алматы
+35°

«ЕвроХим» компаниясының Жамбыл облысына инвестиция құюымен аймақтағы химия өнеркәсібі қарқын ала түсті. Елбасы ұсынған индустрияландыру бағытының жемісі осында. Бүгінде «ЕвроХим» минералдық-химиялық компаниясының жұмысы жүйеленіп, зауыт өндірістік қуаттылығын арттыру үшін жаңа жобаларды қолға ала бастаған.

Компания тарапынан кен орындарын игеру бойынша инвестициялық жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Нәтижесінде фосфат кенін өндіру және алғашқы өңдеуге арналған жобалық қуаттылыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, 2017 жылдың наурызында 1 миллион тонна фосфорит кені өндірілсе, өткен жылдың ақпан айында миллион тоннадан аса фосфат алынатын ұн өндіріліп, тұтынушыларға жөнелтілген. Ендігі жерде инвестициялық жобаның екінші кезеңінің егжей-тегжейлі жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Нақтырақ айтқанда, бұл кезеңнің 70 пайыздан астам жұмыстары аяқталып, химия кешені құрылысының алаңын дайындау үшін қазба жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске қосу 2021 жылға жоспарланып отыр.

– Аталмыш жоба барысында 500 жұмыс орны құрылды. Компанияның қазақстандық кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің 85 пайызы Жамбыл облысының тұрғындары. Химиялық кешеннің құрылысы аяқталғаннан кейін, өндірісте мыңға жуық адам жұмыс істейтін болады. Осыған байланысты салаларда 2 мыңнан астам адамға тұрақты жұмыс көздері пайда болмақ. Осындай жұмыстар тұтастай алғанда өңірдің дамуына ықпал етіп, Қазақстанның химиялық кластерін жақсартуға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз, – дейді компания басшысының ішкі және сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі Э.Күзен.

Жалпы, компания басшысының ішкі және сыртқы байланыс жөніндегі кеңесшісі Эльмира Күзеннің айтуынша «ЕуроХим» өндірісті жетілдіруге ден қоюда. Мәселен, өткен аптада ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Үкіметі мен «ЕвроХим» компаниясының басшылығының кездесуі өтіп, онда компанияның бас директоры Игорь Нечаев жаһандық инвестициялар бойынша жоспарларымен бөлісіпті.

Сондай-ақ ол аудиторияға «ЕуроХимнің» облысымыздағы Қаратау фосфат бассейнін дамыту және минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауыт салу бойынша стратегиялық инвестициялық жобаны іске асыру туралы баяндапты.Бүгінде бұл бағытта жүйелі жұмыстар жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір