• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:33:29
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің күшейе түсетіндігін айтқан болатын. Осы орайда Жамбыл облысында ашықтық принциптеріне негізделген жұмыстар жалғасуда.

Мысалы, Тараз қаласы мен Шу және Меркі аудандарында «Сервистік әкімдіктер» ашылды. Бұл жобаның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру мен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға арналған. Яғни, бұл жерде атқарушы билік өкілдерінің жергілікті тұрғындармен бетпе-бет отырып жұмыс жасауына еш кедергі жоқ. Оның үстіне шаруасы қауырт адам қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмай, қажетті қызмет түрлерін бір ғимаратың ішінде қиналмай-ақ бітіруіне қол жеткізеді.

Сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаменті жергілікті тұрғындармен ашық жұмыс жүргізу мақсатында Жуалы және Меркі аудандарында жаңа бөлімшелерді жаңа форматта ашты. «Азаматтарды қабылдау» бөлмелері арқылы құқықтық кеңестер мен қажетті ақпаратты, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шараларына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдіруге болады. Алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да «Сервистік әкімдіктердің» ашылуы жоспарлануда.

Облыс бойынша 133 басшы кабинеттерін 1-ші қабатқа көшіріп, халықпен тығыз қарым-қатынас жасауға кірісті.

Ашықтықты қамтамасыз етудегі тағы бір шара ол – мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Онда жеке азаматтардың шағым-ұсыныстары қаралып, тиісті жауаптар қайтарылады. Бүгінгі күнге мұнда білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, құрылыс, жолаушылар көлігі, жерлерді пайдалану, мемлекеттік кірістер, сот жүйесі, полиция, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салалары бойынша бірнеше қабылдау өткізіліп, оң нәтижесін беріп отыр.

Жалпы мемлекеттік қызметшілердің бойында парасаттылық қасиеттерін дамыту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан парасаттылық департаменті ашылған болатын. Департамент жұмысының мақсаты – жаңа форматта, ашықтық принципінде жұмыс істейтін, кәсіби шыңдалған мемлекеттік қызметшілерден тұратын кәсіби аппарат құру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір