• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:58:42
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаев азаттықтың алғашқы жылдарынан елімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға күш салып келеді. Мұндағы басты мақсат-пайдалы қазбаларды тиімді иегер отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы ықпал ету, сол арқылы әлеуметтің әлеуетін көтеру. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында осы мәселеге айрықша тоқталып, шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалатынын жеткізді.

Міне, осындай мүмкіндіктің нәтижесінде ресейлік «ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысына инвестиция құйып, жаңа жобаны жүзеге асыруда. Компания тарапынан кен орындарын игеру бойынша инвестициялық жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Нәтижесінде фосфат кенін өндіру және алғашқы өңдеуге арналған жобалық қуаттылыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, 2017 жылдың наурызында 1 миллион тонна фосфорит кені өндірілсе, өткен жылдың ақпан айында миллион тоннадан аса фосфат алынатын ұн өндіріліп, тұтынушыларға жөнелтілген. Ендігі жерде инвестициялық жобаның екінші кезеңінің егжей-тегжейлі жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.

Бұл туралы таяуда ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Үкіметі мен «ЕвроХим» компаниясының басшылығының кездесуінде компанияның бас директоры Игорь Нечаев әңгімелеп берген болатын. Игорь Нечаев жаһандық инвестициялар бойынша жоспарларымен бөлісіп, «ЕуроХимнің» облысымыздағы Қаратау фосфат бассейнін дамыту және минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауыт салу бойынша стратегиялық инвестициялық жобаны іске асыру туралы баяндаған-ды.

–Біз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен тиісті министрліктермен тығыз қарым-қатынастамыз әрі олардың қолдауын әрдайым сезініп келеміз. Әрі мұндай қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Қазірдің өзінде бірқатар жобалар іске қосылып, химия өнеркәсібінде барынша қолжетімді технологияларды қолдана отырып, бірегей, инновациялық өндірісті құруға кіріскен өндірістік нысандарды дамытамыз. Ағымдағы жылдың 28 наурызында үкіметаралық мәжілісте біздің жобаның жаңа кезеңін жан-жақты қолдау туралы келісімге қол жеткізілді. Және осының нәтижесінде жаздың басында Жамбыл облысында 1 миллион тонна тыңайтқыштар шығаратын химия зауытының құрылысын қолдау туралы бірқатар маңызды келісімдерге қол қою жоспарланып отыр. Оның құрылысы биыл басталады, – деді И.Нечаев Үкімет басшысына кездесу барысында.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин компанияның жұмысын жоғары бағалап, қолға алып жатқан жобаларына сәттілік тілеген.

Қазіргі таңда компания оңтүстік аймақтың әлеуметтік дамуына, сондай-ақ Жаңатас қаласының құрылысына үлкен үлес қосып келеді. Сонымен қатар шаһардағы барлық спорттық жарыстар мен іс-шараларға белсене қатысып, демеушілік жасап отырады. Мәселен, «Жаңатас жуниорс» футбол командасына әрдайым қолдау білдірсе, Ш.Уәлиханов атындағы мектептің химия кабинетін соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықтап беріпті. Бұл жобаның демеушілік көлемі 16 миллион теңгені құрады. Бұдан өзге шағын шаһардың инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, жас мамандарды жұмысқа тарту сынды мәселелердің оңды шешілуіне қол ұшын созып келеді. Ендігі жерде компанияның болашақ жоспарларының бірі қаладан «Жастар» демалыс және мәдениет үйі салу. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақытын тиімді өткізулеріне қолайлы орын болмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір