• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 14:30:02
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда жалақы едәуір ұлғайды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырылған болатын. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Осы орайда Жамбыл облысы бойынша білім саласының 65467,05 штаттық бірлік қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға республикалық бюджеттен 30,5 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр.

Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы "Нұр Отан" партиясының XVIII кезекті съезіндегі тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 73605 бірлік азаматтық және штаттан тыс қызметшілердің жалақысы 15-30 пайызға көтерілді.

Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары 20 пайыздан 65 пайызға дейін ұлғайды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қосымша 797,2 миллион теңге бөлінді.

Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Г.Жауынбекованың айтуынша, есепті кезеңде әлеуметтік көрсеткіштердің оң динамикасы байқалып оыр. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың 1 тоқсанында 66361 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 14,0 пайызға, нақты – 8,5 пайызға артты.

Орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың 2 тоқсанында 126,5 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,7 пайызға, нақты - 8,2 пайызға өсті.

Ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге өсіп, бюджеттік мекемелердегі 32,6 мың қызметкердің және 5966 жеке сектордағы 71 мыңнан аса жұмыскердің жалақысы артты.

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2 тоқсанында 4,8 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді.

2019 жылы 12147 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, оның ішінде тұрақты – 5500, уақытша – 6647. Биылғы 8 айдың қорытындысымен ашылған жұмыс орындары – 12417 бірлікті құрап, жылдық жоспар 102,2 пайызға орындалды.

Осылайша жаңа жұмыс орындары ашылып, жалақы көлемі де едәуір ұлғайды. Тұрғындардың табысы артса, тұрмысы да жақсара түсетіндігі сөзсіз. Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі жалғаса беретін болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір