• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:41:01
Алматы
+35°

Парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында білім саласын депутат Бекболат Тілеухан сынады. Ол егер проблемалар шешілетін болса, депутаттық мандатын тастап, министрге көмекші болуға дайын екенін айтты.

«Жүйе құрдымға кетіп бара жатыр. Қай жағынан келсек те сын көтермейді. Мұғалім дайындау жүйесін, оқулық шығару жүйесін, орта білім жүйесін қайта қарау керек. Мына түрімізбен шегіне берсек, ұрпақ миақы болады...Асхатжан, сенен жасым аз емес, тәжірибем де аз емес. Атақтарым да көп ау деймін, тап осы мәселе шешілетін болса, депутаттық мандатымды тастап, сенің кабинетіңе барып көмекші болуға, хатшы болуға дайынмын», - деді депутат.

Одан өзге мектеп бағдарламасының қиындығы мен оқулық сапасының төмендігі келешек буын үшін азап дейді.

«Менің оқулықтарды шығару жүйесін шірік жүйе деп батыл айтуыма негіз бар. Бұл – бетонның үстіне тастаған дәнді мың жерден суарсаңыз да өспейтіні секілді. Біз ұрпақты азаптап жатырмыз. Бір есепті бала түгілі ата-анасы шығара алмайтын бұл барып тұрған қаскөйлік жүйе», – деп өз ойын білдіріп, 2007 жылдан бері миллиардтаған ақшаға алынған пәндік лабораториялардың жұмыс істемей, пайдасыз болып тұрғанын да сынады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір