• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:28:36
Алматы
+35°

Кейінгі жылдары Жамбыл облысындағы Жуалы ауданының даңқы спорт саласы бойынша да асқақтап келеді. Оған негіз де жоқ емес. Өйткені, Елбасы Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес мұндай тыңғылықты тірліктер атқарылуда. Соның нәтижесінде сайыпқыран саңлақтар қатары да артып, облысымыздың және еліміздің абыройын асқақтатуда.

Мысалы, еліміздің атын әлемдік деңгейде шығарып жүрген спортшылар, Аманқұл Әбілхан – бокстан Әлем чемпионатының, Азия ойындарының күміс жүлдегері. Рахманқұл Сағадат – ҚР чемпионы. Ол бүгінгі таңда АҚШ-та кәсіби бокста өнер көрсетіп үш жекпе-жектің үшеуінде де жеңіске жетті. Ал Құлажан Тоғайбаев - Ұлттық спорт түрі көкпардан ҚР құрама командасы сапында әлем чемпионы.

Республикалық және әлемдік деңгейде аудан атын қорғап жүрген спортшылар: Шерункова Елена-бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қанибай Ардақ – қол күресінен Әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Қалып Абылай – қол күресінен Азия чемпионатының жүлдегері, Еділхан Алишер – мүгедектер арасында қол күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Таубай Абзал – «Тараз» футбол клубының ойыншысы, Абдрамбек Мақсат – таеквондодан ҚР чемпионы, Әбіқай Әбікен және Сайлаубай Жеңіс дзюдодан ҚР чемпиондары және жүлдегерлері.

Жалпы, өткен жылы Жуалы ауданында барлығы 120 спорттық ғимарат анықталды. Оның ішінде: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 10 атқыштар тирі, 11 үлкен футбол алаңдары, 59 шағын алаңшалар, 38 спорттық залдары бар. Сонымен қатар 2018 жылы Билікөл, Шақпақ, Қарасаз, Ақтөбе ауылдық округтерінде жергілікті бюджет есебінен «Street Workout» алаңшалары салынды. Б.Момышұлы ауылында әкімшілік ғимараты спорт залы ретінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ Қызыларық ауылдық округінде жаңа мектеп салынып, 1 спорт зал және 2 алаңша пайдалануға берілді. 2017 жылмен салыстырғанда спорт нысандарының саны 8-ге артқан. 2018 жылдың 12 айында ұйымдастырылған 336 іс-шараға 63710 аудан тұрғыны қатыстырылды. Іс-шаралардың 317-сі салауатты өмір салтын насихаттау бойынша болса, 19 -ы салалық спартакиадалар.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жемісті жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір