• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:10:08
Алматы
+35°

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2020 жылға дейін Қазақстан халқының кем дегенде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту міндетін белгілеуі, дене шынықтыру мен спорттың адам өміріне деген маңызын барынша күшейтіп отырғандығы белгілі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011–2016 жылдарға салалық бағдарламасында да 2020 жылға қарай саламатты өмір салтын серік еткен азаматтардың санын 30 пайызға жеткізу көзделген болатын. Осы орайда Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Оған спортпен шұғылданушылар көрсеткішінің жылдан жылға артып келе жатқандығы дәлел бола алады.

2011жылы ауданда 5950 адам (18,5%,) спортпен шұғылданса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 6296 адамға немесе 19,5 пайызға артты. 2013 жылы – 6585 адам немесе 20,5 %, 2014 жылы – 7562 адам немесе 23,1%, 2015 жылы – 8158 адам немесе 24,8 % , 2016 жылы 8742 адам немесе 26,6%, 2017 жылы 9246 адам немесе 28,2%, 2018 жылы 9265 адам немее 28,3% деңгейінде қалыптасты.

Бүгінгі таңда Мойынқұм ауданында 104 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 1 спорт кешені, 1 орталық стадион, 28 спорт залы мен 74 спорт алаңдары мен алаңшалары бар.

Аталған спорт нысандарының 86-сы жалпы білім беру мекемелерінің, 9-ы спорт мектебінің, 4-уі орта арнайы оқу орнының, 5-уі басқа мекемелердің теңгерімінде.

Аудандағы барлық 104 спорт нысанының 62-сі спорт алаңшалары болса, оның 15-сі кіші футбол алаңшаларын, 4-уі жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңшаларын 11 қарапайым футбол алаңдарын құрайды. Сонымен қатар қарапайым 23 волейбол, 20 баскетбол, 2 гимнастикалық және 2 құрамдастырылған спорт алаңшалары бар.

Облыс әкімі мен аудан әкімі арасындағы келісілген түйінді нысаналы индикатор бойынша 2019 жылы ауданда қосымша 12 спорт алаңшалары салыну жоспарланған. Яғни 5 кіші футбол, 7 волейбол алаңшалары. Оның 2 футбол алаңшасы аудандық бюджеттен салынса (1 алаңша Бірлік ауылында, 1 алаңша Мойынқұм ауылындағы орталық стадионның ішінде) 1 футбол алаңшасы (Ақсүйек) жеке бақылау есебіндегі қолма қол ақшадан (КСН) және 2 футбол алаңшасы (Мыңарал, Шығанақ) демеушілер есебінен салыну жоспарланған. Сонымен қатар Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Ақбақай, Қылышбай, Қарабөгет, Хантау ауылдарында демеушілер тарапынан қарапайым волейбол алаңшаларын салу жоспарлануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір