• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:40:09
Алматы
+35°

Еліміз бойынша химия өнеркәсібінің алыбы саналатын –«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің жиырмасыншы белесіне аяқ басты. Осы жылдар аралығында өндіріс ошағы егемендігімізбен бірге есейіп, тәуелсіздігімізбен бірге толыса түсті. Серіктестік жұмысының алға басуына Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасының тигізген шарапаты мол. Сонымен қатар Елбасымыз да бұл бағыттағы жұмыстарды тікелей өз бақылауында ұстап, барынша қамқорлық көрсетті.

Бүгінде алып өндіріс ошағын Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық мәслихаттың депутаты Мұқаш Ескендіров басқарып келеді. Жамбыл және Түркістан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды біріктіретін серіктестіктің өндірістік нысандары «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол көлігі кешені, Шымкент қаласындағы синтетикалық жуу заттарын шығаратын зауыттары тірлігін тіктеп, өнім өндіруде. Жалпы, бұл өндіріс ошақтары минералдық шикізат өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын тауарлар шығарумен айналысады. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және оның қосылыстарын да өндіреді. Негізгі бағыттарынан басқа «Қазфосфат» ЖШС фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға, өндірістік процестерін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған үлкен істер атқаруда. Бұл іс-шаралар Қаратау фосфорит алабының табиғи қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың ең басты қағидасы – халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, әл-ауқатын арттыруға оң әсер ететін экономиканың түрлі салаларын дамыту. Сондықтан ол өзінің өткен жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселелерге кеңінен тоқталып, оны шешуді тапсырған болатын. Елбасының аталған Жолдаудағы тапсырмасына сай, компанияда жұмысшылардың әлеуметтік жауапкершілігі әрқашан дамудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Осы орайда компания басшылығы үшін жұмыспен қамту, жалақының өсуі, жұмысшылар мен олардың отбасыларының денсаулығы мен әл-ауқатын басты назарда. Ұстап келеді Мәселен, өткен жылы жұмысшылардың жалақысы 2017 жылға қарағанда 13,4 пайызға артқан. Ал биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш орта есеппен тағы 10 пайызға көбейіпті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір