• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:30:25
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп өткізген «Парасатты болашақ» атты эссе жазу байқауының жеңімпаздары парасаттылық елшілеріне айналған «лекторлар» пулын қалыптастырды. Белсенді қатысушылардан құрылған парасаттылық «елшілерінің» мақсаты – білім беру ұйымдарында оқушылардың парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтерудің тиімді тәжірибесін тарату. 2019 жылы 11-18 қазан аралығында оқушылардан құрылған лекторлар пулы ерікті түрде 93 мектепте білім алушылардың бойында парасаттылық пен академиялық тазалық принциптерін қалыптастыру, адамгершілік-этикалық құндылықарды бойына сіңіруге бағытталған дәрістер мен кездесулер өткізді. Аталған іс-шараларға 4185 оқушы қамтылды.

Жалпы, Жамбыл облысындағы білім беру ұйымдарында оқушыларды ұйымшылдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, кәсіпкерлік қабілетін шыңдауға дағдыландыру мақсатында осындай шаралар көптеп өткізілуде.

Мысалы, Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында жақында «Күз береке, күз мереке» атты жәрмеңке өтті. Гимназия тәлімгері А.Ергалиеваның ұйымдастыруымен «Ақ жаулықты аналар» он күндігінің аясында ұйымдастырылған мерекелік жәрмеңкеде аналар сатушы міндетін атқарды. Шараға 5-7 сынып оқушыларынан құралған 16 топ қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Мерекелік жәрмеңкеде әділқазылар құрамы тағам түрін, сапасын, гигиеналық талаптарды саралады. Мерекелік жәрмеңке байқауына қатысушы сыныптар тақырыпқа сәйкес киініп, өздері дайындаған дастархандарын қорғады. Мысалы, 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б» сыныптары Ресей мемлекетін, 5 «В», 5 «Г», 5 «Д» сыныптары Қазақстан мемлекетін, 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б» сыныптары Туркия мемлекетін, 6 «В», 6 «Г», 7 «В» сыныптары Корей мемлекетін, 7 «А», 7 «Ә», 7 «Б» сыныптары Өзбекстан мемлекетін көрсетті. Жасұландықтардан құралған оқушылар ортада өзбек биін билеп, Абай атамыздың 175 жылдығына орай «Күз» өлеңін мәнерлеп оқыды. Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар жасаған жұмыс нәтижелі болып, бірлік бар жерде тірлік болатынын іс жүзінде көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір