• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:00:00
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында әлеуметтік мәселеге баса назар аударғаны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстарға Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өзіндік үлесін қосып, жұмысшылардың жағдайын жақсарту мақсатында жаңа жобаларды жүзеге асыруда.

– Басты мақсатымыз – бізде қызмет атқаратын азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен әл-ауқаты. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі. Біз барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының артып, өндіріс ошақтарындағы еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі мемлекетіміздің ең маңызды міндеті болып қала беретінін білеміз. Компания осы мәселеде толық жауапкершілікті сезінеді және өз қызметкерлері мен олардың отбасыларының әл-ауқатын сақтау және арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, – дейді серіктестіктің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров.

Сондай-ақ компания жұмыс жасаймын деген жастарға мол мүмкіндіктерді қарастырып отыр. Бүгінде онда 6000 қызметкер жұмыс істейтін болса, олардың қатарында жастардың алатын үлес салмағы айтарлықтай. Нақтырақ айтқанда, кәсіпорындағы жұмысшылардың 34 пайызы жасы 35-ке дейінгі жастарды құрайды. Яғни, 2174 жас серіктестік кәсіпорындарында тұрақты жұмыспен қамтылған. Болашақ жастардың қолында екенін жете түсінетін серіктестік басшылығы 2011 жылы белсенді жастар қозғалысын қалыптастырып, жас мамандардың басын қосып біріктіру мақсатында Жастар Одағын құрған. «Артқа қарай шегінбе, орныңда қалма, тек қана алға!!!» атты ұраны бар ол ұйым жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мен химия саласы бойынша білімдерін жетілдіру бағытында ілкімді істерді атқаруда. Одақ төрайымы Диана Аралбаеваның айтуынша, бұл ұйым биылғы Жастар жылына орай бірқатар шараны іске асырыпты. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстары жалғаса бермек екен.

– Одақ тарапынан жастарды жатақхана орналастыру мәселелері бойынша да ілкімді істер жасалынуда. Расында, өз ісінің шебері болып, уақыт өте келе қызмет сатысы да жоғарылайды. Бұл тұрғыда оларға ең әуелі білім қажет. Сондықтан Одақ тарапынан жұмысшы жастардың жоғары білім алуға шақырып, оның жолдарын көрсетеміз. Елбасының өзі биылғы жылды біздерге еншілеп бергеннен кейін жоспарсыз отырған жараспайды. Компанияның бас директоры Мұқаш Зұлқарнайұлының басшылығымен серіктестік жастары арасында үлкен мега жоба өткен болатын. «Болашақ біздің қолымызда!» деп аталған жобаның жеңімпаздары анықталып, жеңімпаздар марапатталды, – дейді Д.Аралбаева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір