• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:13:45
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған Жастар жылы аясында Жамбыл облысында жемісті жұмыстар жалғасуда. Әсіресе, жастардың шығармашылығын дамытып, жаңа есімдерді жұртшылыққа танытуға басымдық берілуде. Бұл тұрғыда түрлі шаралар өткізіліп, жарқын жобалар жүзеге асуда. Жуырда облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл ашық лигасының ½ жартылай финал ойыны өткізілді. Шараға «Престиж» (Тараз «Парасат» колледжі), «КТЛ құрамасы» (Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейі), «Медиум», «8-ші Пәтер» (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті), «Jokers», «Раян-Нұр» (ТарМПУ) және Нұр-Сұлтан қаласынан «Сарыарқа», Қызылорда облысынан «БУ құрамасы», Жуалы ауданынан "Болашақ құрамасы" қатысты. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды «Медиум» (ТарМУ) командасы жеңіп алды. Ал екінші орынды «Раян-Нұр» (ТарМПУ) еншілесе, үздік үштікті Қызылорда облысының «БУ құрамасы» түйіндеді.

Ал, ағымдағы жылдың қараша айында өтетін облыстық «Студенттік бал-2019» мерекелік кешіне «Престиж» (Тараз «Парасат» колледжі) мен «Раян-Нұр» командасы (ТарМПУ) жолдама алды. Өз кезегінде «Раян-Нұр» командасы жолдамасын өнердегі інілері «Jokers» командасына ұсынды.

Сонымен қатар жақында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің қолдауымен Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы "Еркін пікір" жастар қоғамдық бірлестігі "Студент FEST" облыстық кешенді фестивалі аясында "Үздік пікірсайыс алаңы" атты облыстық пікірсайыс турнирін өткізді. Аталмыш турнирге жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 32 фракция қатысты. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды "Жастар жалыны", екінші орынды "Шығыстың қыздары", үшінші орынды "Юристы-аферисты", "Үздік спикер" номинациясын Бектас Сауранбаев, "Үздік төреші" номинациясын Нұрдәулет Серікұлы иеленіп, облыстық "Студенттік бал-2019" мерекелік кешіне жолдама алды. Жеңімпаздардың марапаттары кеш аясында салтанатты түрде табысталатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір