• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:20:41
Алматы
+35°

Жамбыл облысы аумағының жартысына жуығын алып жатқан Мойынқұм ауданы кейінгі жылдары дамудың жаңғыл жолына түсіп, өркендеуге өріс ашуда. Аймақта ауыл шаруашыығымен қатар өндіріс саласы да өркендеуде. Бұл әрине, Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі екендігі даусыз. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде жарқын жобалар жүзеге асуда. Оның жемісін жергілікті жұртшылық айқын сезініп келеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Елбасының көрегенділігімен іске асқан стратегиялқ мақсаттарды одан әрі нәтижелі жалғастыру үшін тың міндеттерді межеледі. Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауылды және ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойғаны шалғайдағы ағайынд айрықша қуантып отыр.

Осы орайда Президент: «Ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес.

Біз Елбасының «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет.

Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет.

Үкіметке «Ауыл – Ел Бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады» деп атап көрсетті.

Бүгінде Мойынқұм ауданында сапалы ауызсуға қол жеткізу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мысалы, Жамбыл ауылында ауыз су жүйесінің бұзылғанына біршама уақыт болған. Алайда ауыл халқына қажетті су аудан орталығынан тасымалданып беріліп келді. Бұл су халық сұранысын толықтай қанағаттандыра қоймағаны да рас. Сондықтан да ауыл ардагерлар кеңесінің төрағасы Кәрібай Оспанов пен еңбек ардагері Тұрсынтай Қалдарбеков ауылдағы ауыз судан көрген қиындықтарын аудан әкімі Мәден Мұсаевтың қабылдауында болғанда айтқан. Аталған аптада Жабыл ауылынан келген ағайындардың сұранысы орындалып, ауылдағы ауыз су жүйесі іске қосылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір