• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:28:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Ұлттық спортты дамытуға көңіл бөлінуде

Бүгінде Жамбыл облысында ұлттық спорт түрлерін дамытуға көптеп көңіл бөлінуде. Бұл міндет Елбасының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасымен тығыз астасып жатыр. Оның жарқын мысалын Талас ауданындағы тындырымды тірліктерден де аңғаруға болады.

Ауданда ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша ат спортынан 2 штат, ал тоғызқұмалақ спорт түріне 1 штат бөлініп, тиісті мамандар жұмысқа қабылданған.

Жалпы аудан бойынша балалар жасөспірімдер спорт мектептері мен аула және спорт клубтарында 7-ден 18 жасқа дейінгі спортпен шұғылдану көрсеткіші 24,7 пайызды немесе 2 мың 96 баланы құрады.

Ауданда көлемінде биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша спортпен жүйелі түрде шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі адамдар қатары 117 адамды немесе 7,0 пайызды құрайды.

Есепті мерзімде аудан бойынша дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 6 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 57 адам қатысты.

-2019 жылы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп интернаты мемлекеттік мекемесінің 35 оқушысы «Шанырақ» фитнес клубына тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 балаға артып отыр.

Сонымен қатар, осындай насихат шаралары аудандағы құзырлы органдардың есебінде тұратын «Қиын тобындағы» кәмелетке толмағандар арасында тұрақты спортқа тарту жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Жыл басында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, спорт мекемелерінің тарапынан 7 жасөспірім спортқа тартылды. Олар спорт мектептерінде көгалдағы хоккей, бокс, баскетбол және қазақ күресі спорт түрлерімен айналысуда. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар жалғасын табады,-дейді Талас ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров.

Жалпы, 7 айдың қорытындысы бойынша ауданда салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 201 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 18 мыңнан астам адам қатысты.

Осылайша тағылымды Талас жерінде бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлінуде. Бұл тұрғыда барлық санаттағы тұрғындарды қамтуға басымдық беріліп жатқандығы қуантады. Ауқымды жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі жалғаса беретіндігіне сенім мол.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір