• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:51:44
Алматы
+35°

Жамбыл облысындағы Талас ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Әсіресе, биыл өткізіліп жатқан додалардың салмағы бөлек. Атап айтқанда, Жастар жылына орай әуесқой командалар арасында кіші футбол, волейбол, баскетбол, бокстан аудан біріншілігі, дойбыдан, қазақ күресінен жасөспірімдер, жастар арасында облыс, аудан біріншілігі, үстел теннисінен облыстық ашық турнирі, арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер арасындағы спартакиадалар, қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ауылдық, аудандық іріктеу жарыстары, «Әкем, анам және мен-спорттық отбасы ойындары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Аула ойындары, «Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі» мен басқа да көптеген бұқаралық сипаттағы жоспарлы іс-шаралар өткізілген.

Соның ішінде, аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігінің білім бөлімі және жастар ресурстық орталығымен бірлесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында кіші футболдан, мектеп оқушылары арасында «Алау» әскери-патриоттық аудандық жарыстары ұйымдастырылып, өткізілген болатын.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді аудан көлемінде жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 3 жоба аудандық реестрге енгізілген. 1 спорттық іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді, ал 2 жоба алдағы уақытта, яғни 4 тоқсанда өткізіледі деп күтілуде.

Айта кету керек, қандай сайыс болмасын таластық толағайлардың табысы толастаған емес. Аудан спортшылары әртүрлі дейгейіндегі халықаралық, республикалық және облыстық спорттық бәсекелерде жоғарғы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізді.

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығынын өзінде 11 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 17 спортшы «Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат» атағына ие болды.

Аудан спортшылары Халықаралық жарыстарда – 7 медальға қол жеткізсе (4 алтын, 2 күміс, 1 қола), Республикалық жарыстарда – 38 медаль (8 алтын, 17 күміс, 13 қола) және облыстық жарыстарда – 125 медаль (31 алтын, 43 күміс, 51 қола) еншіледі. Яғни, аудан спортшыларының еншісінде170 медаль бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір