• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:58:24
Алматы
+35°

Елбасының елімізде бұқаралық спортпен айналысушылар қатарын 2020 жылға дейін 30 пайызға пайызға жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының Талас ауданында тындырымды тірліктер атқарылуда.

Жалпы аудан спортын өркендету бойынша төрт нысаналы индикатор белгіленген. Оның бірі «Жүйелі түрде дене шынықтырумен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың саның арттыру» болса, екінші нысаналы индикатор «Ауылды елді мекендерде тұрғындар дене шынықтырумен айналысу үшін спорт алаңшаларын (әмбебап алаңша, стритворкаут, спорттық күш құрылғылармен жабдықталған алаңша және т.б.) салу». Сонымен қатар үшінші нысаналы индикатор «Тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділікті арттыру» және төртінші бағыт ретінде «7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде және дене дайындығы спорт клубтарында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту» көрсеткіштері белгіленген.

-Спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі аудан тұрғындарының дені сау ұлт болып қалыптасуын қамтамасыз етуге және дамытуға негіз болатын бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Осы орайда 2019 жылдың қаңтар – тамыз айының қорытындысы бойынша ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 29,78 пайызды құрап, 16 мың 407 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға немесе 318 адамға артты.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 6 мың 325 адамға жетті,-дейді Талас ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров.

Қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда спорт нысандардың жалпы саны 213-ты құрап отыр. Олардың қатарында 1 стадион, 1 спорт кешені, 35 спорт зал, 85 футбол алаңы, 84 спорт алаңшалары, 1 ату тирі және икемделген 6 спорт залдар бар.

Аудандық спорт инфрақұрылымын кеңінен дамыту мақсатында биылғы жылдың сәуір айында Қаратау қаласындағы орталық стадионның қоршауларын ауыстыруға және Ойық ауылындағы үлкен футбол алаңың қоршауға жалпы 4 миллион 587 мың теңге бөлініп, қоршауларын ауыстыру-жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір