• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:22:20
Алматы
+35°

Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір азаматтың, оның ішінде балалардың құқығы қорғалуын талап ететінін атап айтты. Сондай-ақ, Осы жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңына қол қойды. Ол күшіне енді. Иә, қандай жағдайда болсын еліміздің жеткіншектері заңмен қорғалуға тиіс. Заң алдында бәрінің құқығы бірдей.

Осы орайда, күні кеше Қордай ауданына Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі жанынан құрылған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, зерделеу және ұсыныстарды жинау жөніндегі жұмысшы топ мүшелері келіп, сарапшылар алдымен аудан әкімдігінде өткен арнайы жиынға қатысты.

Жиынға әлеуметтік сала және білім беру ұйымдарының басшылары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінің қызметкерлері қатысты. Онда ҚР Президент әкімшілігінің жастар ісі және отбасы комитетінің басқарма басшысы Азамат Белкаиров жұмысшы топ сапарының мақсатын түсіндіріп, балалардың құқығын қорғаудағы проблемалық тұстарға тоқталып өтті. Жиын барысында қатысушылар балалардың құқығы бойынша пікір алмасып, сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

Содан кейін жұмысшы тобының мүшелері аудан әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаевпен бірге Абай атындағы №3 ОМ және №51 ОМ, Ноғайбай ауылындағы ауыл шаруашылық колледжін, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығын аралап, кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ювеналды полиция қызметін зерделеді. Одан кейін сарапшылар атаулы әлеуметтік көмек алатын Әлжан ана ауылының тұрғындарымен кездесіп, әңгіме-дүкен құрды.

Сапары соңында Елордадан келген жұмысшы топ ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір