• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:46:00
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Саптық байқау өткізілді

Жамбыл облысы Төтенше жағдайдар департаменті бөлімшелерінің жеке құрамымен қысқы киім нысанына көшуге байланысты саптық тексеру өткізілді. Шара барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының, сондай-ақ Өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері бір сапта тұрып ҚР Әнұрарын орындады. Одан әрі саптық тексеру жүргізіліп, тексеріс барысында азаматтық қорғау қызметшілерінің киім нысандары, өздерімен бірге жетондарының болуы және қызметтік куәліктерінің атаққа және лауазымға сәйкестігі тексерілді.

Саптық байқау маусымдық киім нысанына көшу аясында өтті. Міндеттерді орындау кезіндегі киім нысандары және бас киім, аяқ киім мен шеврондар, погондар мен тиісті белгілердің айқындалған талаптарға сай тағылуы жіті тексеріліп, тұтастай алғанда жеке құрамның қысқы киім нысанымен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бақылау жүргізілді.

Байқау соңында саптық дайындық бойынша сабақ өткізіліп, саптық қадам басу, «пәрмен беру», «әскери сәлемдесу» секілді дағдылар жан-жақты пысықталды.

Шара барысында қысқы киiм-кешек пен айырым белгiлерiн кию ережелерi түсiндiрiлдi, нысанды кию ережелерiн реттейтiн өзге де құжаттар жеткiзiлдi. Сондай-ақ, сыртқы түрге ерекше көңiл бөлiнетіні айтылып, шаш қию, жарғылық аяқ киiм және өзге де міндетті атрибуттардың болуы пысықталды.

Ведомстволық талаптарға сәйкес саптық байқау жеке құрамның сыртқы түрiне қойылатын бiрыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн жазғы және қысқы киiм нысанына өту кезiнде жылына 2 рет өткiзiледi.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Мақсат Қосыбаев жеке құрамға қарата арнайы сөз сөледі.

– Жалпы азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің нысанды киім үлгісі тиісті нормативті актілерге сәйкес қатаң бақыланатындығын тілге тиек етіп, саптық байқау өткізу барысында қызметтегі нысанды киім кию кезінде орын алатын заң бұзушылықтарды анықтауға және анықталған кемішіліктерді тез арада жоюға, соңдай-ақ саптық мәдениет пен тиісті дағдығысын арттыруға,тәртіпті нығайтуға жол береді, – деді ол өз сөзінде.

Айта кеткен жөн, Өрт сөндіру қызметінде қызметкерлердің патриоттық сезімін көтеру мақсатында әрі саптық машықтануларын одан әрі жетілдіре түсуге бағытталған іс шаралар жиі өткізілетіндігі бүгінде көпшілікке белгілі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір