• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:57:33
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 NEWS

Өнерін ұлықтаған қасиетті Алаш

Ұлы адамдардың келуінің  өзі жас буынға маздаған шамына рух беріп, осы кешке ақынның жанын түсініп, мұңын түсінген оқушылар келіп өлең оқыды.

«Білімкөзі» оқыту орталығында сазгер Ағайша Исағұлова, актер Қайрат Құдайбергенов, ақын және журналист Сайлаубай Тойлыбаевпен кездесу кеші өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кешті ақын, Әлем Халықтары жазушылар одағының мүшесі және «Білімкөзі» оқыту орталығының ұстазы Рүстем Меруерт Пидахметқызы жүргізді.

Ұлы адамдардың келуінің  өзі жас буынға маздаған шамына рух беріп, осы кешке ақынның жанын түсініп, мұңын түсінген оқушылар келіп өлең оқыды.

Kазiргiдей теледидар болмаған кезде қазақтың жанын жұбатқан – халық әндерi мен күйлерi екенi даусыз. Иә, бүгiнде оның қадiрiне жетпей жүрген сияқтымыз. Тiптi жерiп барамыз ба, қалай? Дәстүрлi өнердi дәрiптеп, насихаттап жүргендерге: әншiлерге, күйшiлерге, термешiлерге, жыршыларға мұрынды шүйiрiп, менсiнбей қарайтындардың қарасы көбейiп келе ме деп қауiптенесiң. Бiрақ, ел iшiнде елеусiз жүрген ұлттық өнерiмiздiң жанашырларын көргенде ойдағы күдiк аз да болса сейiлiп, «Бiз босқа қара аспанды үйiрiп жүр екенбiз» деп ойланғандай боласың.

Мен қазақ ұлттық қыздар педагогика университетiнiң профессоры, композитор—музыкант Ағайша Исағұлова апаның  өнерiмен жақынырақ танысқаннан кейiн осындай сезiмдi бастан кештiм. Үлкен болсын, кiшi болсын «сiз» деп тiл қататын Ағайша Исағұлованы  танымайтын, бiлмейтiн, құрметтемейтiн жан елiмiзде iлуде бiреу болар. Ол Құдай берген таланттың, ұстаздық зеректiктiң арқасы шығар. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары би алаңдарының, ауыл клубтарының сәнi, жастардың көңiлiн көтеретiн бiрден-бiр музыкалық аспап: сырнай, гармон, баян болса, кейiнiрек олардың қатарына аккордеон қосылғаны аға буын өкiлдерiне белгiлi. Сол кезеңде аталған аспаптардың дәуiрлеу шағы десек жарасады.

Ал актер Халықаралық байқайлардың лауреаты Қайрат Құдайбергеннің актерлықтан бөлек сазгерлігі де композиторлығы да баршылық.

Қайрат Құдайбергенді «Олимп шыңы», «Ауыл сақшысы», «Тағдыр», «Бажалар», «Аяулы арман», «Саған сенемін» және т.б. фильмдерге түсіп халықтың ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан ұлы тұлға деуге болатын шығар.

Кештің кезекті қонағы ақын әрі журналист «Халықаралық әдеби « Алаш» сыйлығының иегері, Алматы облысының құрмет азаматы Қазақ  радиосының ардагері Сайлаубай Тойлыбаев болды.

Ақынның бір – ақ ауыз сөзі бар жан дүниеңді тебірентпей қоймады, әрине қай ақын болсын, аласаны сүймейді және басқа адамдардан өзгерек ойлайтыны даусыз. Сайлаубай Тойлыбаев бірнеше кітаптардың авторы,  оның   қай өлеңдерін алып қарасаң өмірді сүйетіні, махаббатты биік қоятындығы қатты ұнайды.

Сонымен бірге кездесуде  ұстаз  әрі «Білімкөзі» оқыту орталығының директоры Әділханова Алия Жұмағазықызы да болды.

Мен Алия Әділхановамен танысқаныма көп бола қойған жоқ. Алла тағала маған өмірімнің жаршысын түсінетін бастық берді әпке екеміздің сырымыз да мұңымыз да бір қандай шаруа болмасын бірге шешуге тырысамыз. Оны отбасы да,  оқушылар да, ата – аналар да, және бізде қатты жақсы көреміз өйткені ондай бастық тек бізде ғана бар. Қазақ «Ұзтазын аялағанға бақ қонады» деп бекер айтпаған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір