• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:17:38
Алматы
+35°

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі –ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Бұл ретте, қоғам дертінің жастар арасында жайылуын болдырмау аса маңызды.

Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшіктері» тақырыбында ашық семинар-дискуссия өткізілді. Университеттің №2 студенттік жатақханасында өткен шараны «Саналы ұрпақ» фронт-офисі ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Дәурен Омаров, Заң факультетінің деканы Зәуреш Абдукаримова, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері, университеттің оқытушылар мен студенттер қатысты.

Д. Омаров өзінің сөзінде жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының соңғы кезде атқарған жұмыстары жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар ол бірнеше қызмет барысында кездескен оқиғаларға тоқталды, және де семинарға қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа бейімделуге шақырды.

Өз кезегінде З.Абдукаримова барлық студенттерді өз білімдерін адал жолмен алу керектігі туралы әңгімені қозғады. Қазіргі кездегі еңбек нарығында тек кәсіби мамандарға, тек өз саласының шеберлеріне сұраныс болатындығы жайлы, оңай жолмен келген табыстың берекесі болмайтындығы туралы айтты.

Жиынды заң факультеті бойынша «Саналы ұрпақ» студенттік клубының төрайымы Сейтқасым Ақбота жалғастырды. Ол ең алдымен қатысушыларды клубтың негізгі мақсаттарымен, жұмысымен таныстырып шықты, және де соның қатарына студенттерді косылуға үгіттеді.

Аяғында семинарға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты, келген қонақтарға сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды, сонымен қатар парасатты қоғамды құруға бір қадам жасады деп айтуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір