• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:04:12
Алматы
+35°

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан тұрғындарының 25 пайызы жастардан құралған. Сол себепті, мемлекет жас буынды қолдап, көтермелеуге, ахуалын жақсартып, жаңа жобаларына қанат бітіруге барынша күш салуда. Бұл ретте, қатардағы жас азаматтар мен атқарушы органдардың арасында Жастар ресурстық орталықтары «алтын көпір» қызметін атқаруда. Осыны ескерер болсақ, қос тарапты бір-ьірімен түсіністіре, табыстыра білуі үшін орталық мамандарынан жоғары деңгейдегі біліктілік талап етіледі.

Мамандарының білігін арттырып білімін толықтыру мақсатында Жуалы аудандық Жастар ресурстық орталығы «Жастармен тиімді жұмыс жасаудың тетіктері» атты семинар- тренингін өткізді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында «Жастар ресрустық орталығы» мекемесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында өткен шараны орталық директоры Мейіржан Телеушов ашып, жүргізіп отырды.

Тренингке «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің 14 ауылдық округінің жастар ісі нұсқаушылары қатысты. Басқосуда аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің қызметкерлері – Н.Ұлтарақов, Н.Тлесбаевтар жастар тәжірибесі бағдарламасы және ақылы қоғамдық жұмыстар мен атаулы әлеуметтік көмек алуға ниетті жастарға қатысты заңнамалық құжаттар жайында дәрістер оқыды. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларының айлық еңбек ақыларына қосымша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмектің тағы бір түрі жүзеге асатындығын ескертіп, түсіндірді.

Сонан соң «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің қызметкері Е.Сурамысов жастарға арналған несиелер бойынша, кәсіпкер жастарға көрсетілетін қолдаулар жайлы кеңінен ақпарат берді. Аудандық аурухананың психолог маманы А.Асқар жастар арасында өз-өзіне қол салуға барған жастармен жұмыс жүргізу және зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары жайлы түсінік беріп өтті.

Аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің аға тілшісі Нұржан Манасұлы аудан жастарының газет беттеріне мақала жариялау тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарымен таныстырды. Шақпақата ауылдық округінің жастар ісі нұсқаушысы, тәжірибесі мол азамат А.Ахметов әлеуметтік желіні, газет беттеріне тиімді, ұтымды, сауатты жариялаудың әдіс – тәсілдерімен бөлісе кетті.

Семинар-тренингті қорытындылай келе, жастар көкейіндегі сауалдарына тұшымды жауаптарын естіп, мемлекеттік жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы өзара ой-пікір алмасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір