• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:39:17
Алматы
+35°

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданындағы Құлан агротехникалық колледжінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жалпыұлттық мақаласының аясында және Жастар жылына орай аудандық жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен, сондай-ақ, аталмыш білім ошағының алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, қордағы III дәрежелі сержант, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстарының ардагері Мади Исакуловтың қолдауымен «Бейбіт елдің ұланымыз» атты әскери-патриоттық спорттық ойындар өтті.

Аудандық деңгейде ұйымдастырылған бұл іс-шараның мақсаты — жастар арасында патриоттық тәрбиені нығайту, жастарымыздың отансүйгіштік қасиеттерін шыңдау, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдаланып, өскелең ұрпақтың әскери шеберлігін арттыру. Спорттық іс-шараның ашылу рәсіміне аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Өтеулиева, 03811 әскери бөлімінің командирі, полковник Алихан Мулдагалиев, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, Құлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаев, аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабеев қатысты. Шараның алғы сөзін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ләззат Шәкуәліқызы сөз сөйлеп, ашып берді.

Содан соң, 03811 әскери бөлімінің командирі, полковник Алихан Мулдагалиев, аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, Құлан ауылдық округінің әкімі Мұрат Иманбаевқа сөз кезегі беріліп, олар да өз кезегінде қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ізгі тілектерден кейін қатысушылар 03811 әскери бөлімі қызметкерлерінің қоян қолтық ұрыс кезіндегі жаттығуларын, сондай-ақ, осы іс-шараға арнайы ұйымдастырылған әскери көрме жұмысымен танысты. Жауынгерлердің өнерінен кейін жарыс басталып кетті. Алдымен мектеп оқушылары атыс дайындығынан, кермеге тартылудан, шалқалап жатып кеудені көтеруден, 1 шақырым қашықтыққа жүгіру, әскери-спорттық қолданбалы эстафета түрлерінен , волейболдан өзара мықтыны анықтады.

Марапаттау рәсімінде қорытынды сөз «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айбек Сәрсеханұлына беріліп, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталып, оларға алғыс хатпен қоса, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір