• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:15:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Кезеген аяқ шоқ басар...

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу түйткілді түп тамырымен жойып жібермесе де, баламен жұмыс істеуде қажетті дағдыларға бағыт беретіні анық. Мұндай жұмыстарды жүйелі жүргізуде үкіметтік емес ұйымдардың үлесі орасан. Осыған байланысты өңірде Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Арылу-Оңтүстік" қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүргізу" тақырыбында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмысы 13,4 пайызға артып отыр. Мектеп оқушыларының жүріс-тұрысын қадағалауға қатысты түрлі рейдтер ұйымдастырылғанымен нәтиже жоқ. Мамандардың айтуынша, күнделікті өткізілген рейдтік және профилактикалық шаралардың нәтижесінде полиция бөлімшесіне 3082 кәмелет жасқа толмаған жасөспірім жеткізілген.Ал, олардың ата-аналарына 2796 әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салыныпты. Алайда, бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 496 дерекке артқан. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі өткір мәселе, өйткені олар ересектерге қарағанда тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды. Осындай факторлардың алдын алу мақсатында "Арылу-Оңтүстік" қоғамдық бірлестігі табанды түрде еңбек етіп келеді. Ұйым мамандары жасөспіріммен жұмыс істеуде негізгі басымдық ұстаздарға берілетінін ескеріп Жамбыл облысындағы барлық он ауданындағы мектептерде арнайы семинар тренингтер өткізді. Аталмыш оқыту семинарларын Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, психикалық сауықтыру орталығының маманы Мейрамгүл Ибашова жүргізіп, ұстаздар арасында өз тәжірибесімен бөлісті.

Тренингтер барысында ұстаздар мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түрлі ситуациялық ойындар ойнатылып, балаларға сергіту жұмыстарын жүргізудің артықшылықтары да айтылды.

Жуалы ауданында өткен семинардан психологиялық білімін тереңірек жетілдірген Бибігүл Көшербаева мұндай жиындардың педагогтар үшін маңызын ерекше атап өтті.

Жалпы өңірде облыстық білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде "Арылу-Оңтүстік" қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен өткен тренингтерге барлығы 300-ге тарта сынып жетекші, 300 мектеп директорының орынбасары қамтылған. Кәмелетке толмаған жастардың арасында қылмысты алдын алудың кешенді шарасы ретінде бағаланған бұл тренингтер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір