• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 18:53:30
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Мемқызметкерлер музейде болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Таяу жылдардағы міндеттер» бөлімінде көрсетілгендей, бұл бағдарлама білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Бұл ретте өлкетану жұмыстарын жүргізу бағытында музейдің өз міндеттері бар. Музей - өлкенің тарихы, халықтың қазынасы, ел-жұрттың тағдыры - бәріміздің тағдырымыз.

Осы орайда, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Амангелді Нәметқұловтың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері Ж.Қуанышбаев атындағы аудандық мұражайға саяхат жасалды. Онда мұражай экскурсаводы Меруерт Қанқожаева табиғат бөлмесіндегі аудандағы қызыл кітапқа енген аң құстарды, өсімдіктерді, археологиялық бөлмедегі ауданның картасы, Бірлік ауылының оңтүстігінен шығысқа қарай 5 шақырым жердегі «Төрткүл»қалашығынан табылған қыш құмыраның сынықтары, керамиканың түрлері, Жаз-атаның арнайы бұрышымен, ондағы Жаз-атаның өзінің жатқан төсегі, әр жылдардағы суреттері мен құжаттары, құтты ақ таяғы және суретші Заңғар Медетбековтың Жаз –атаның қос ұлымен жайлаудағы бейнесі, Қазақ хандығын алғаш құрған Жәнібек пен Керей ханның ат үстіндегі бейнелері тағы да басқа құнды жәдігерлермен қызықты әрі түсінікті етіп мемлекеттік қызметкерге жеткізді.Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер өздерінің сауалдарын қойып, жауаптар алды. Ауданның тарихы туралы ерекше мәліметтер біліп, рухани байып, бір серпіліп қалған мемлекеттік қызметкерлер мұражайдың қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі – 1973 жылы құрылған. 1986 жылға дейін «Облыстық тарихи-өлкетану музейінің» филиалы ретінде есептеліп, 1987 жылы 9 сәуірде Мойынқұм аудандық депутаттарының және аудан жұмыскерлерінің №33-153-8 шешімімен аудандық музейге екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың есімі берілді.

Музей ғимаратының 219 шаршы метрі қорға қарастырылған болса, 319,2 шаршы метрден асатын экспозициялық 5 залы: өлкетану, табиғат, археологиялық, шопандар тұрмысы және этнография залдары халыққа қызмет көрсетеді.

Музейдің археологиялық экспозициясына қойылған жәдігерлердің барлығы қола дәуіріне тиесілі «Қожабала қорымынан» (б.э.д. ХІІІ-ХІІғ.ғ.) жергілікті жердегі зерттеу қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Негізгі көрсететін қызметі – халқымыздың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және оларды тұрғындардың тамашалауына жағдай жасап, таныстырып отыру болып табылады. Сондай-ақ, экспозициядағы экспонаттар үш тілде жазылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір