• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:22:10
Алматы
+35°

«Бір жыл қиналып диплом жазғанша, ақшасын төлеп біреуге жаздырғаным артық!». Елімізде осындай оймен жүрген студенттердің саны артып барады. Оған дипломдық жұмыс түгілі диссертацияны да бірнеше аптада жазып беремін деген желідегі жарнамалардың көбейгені дәлел. Тіпті мұндай қызметтің сұраныста болғаны сонша, хабарласатындар кезекті бір жыл бұрын алып қояды екен. Араларында болашақ заңгер, мұғалім, тіпті дәрігер бар екендігін ескерсек, алаңдайтындай жағдай. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бізден бет-жүзін көрсетпеуді өтінген Абзал есімді елордалық жігіт оқуын екі жыл бұрын бітіріпті. Негізгі мамандығы есепші, бірақ дипломы бойынша жұмыс істемейді. Әзірге мүлдем басқа салада жүр. Нәпақасын ерте таба бастағандықтан сабақ оқуына мүлдем уақыты болмапты. Дипломдық жұмысын да ақшаға жаздырған.

Абзал, қала тұрғыны:

«Негізінде дипломды жазып отыруға уақытым болмады. Сондықтан маған ақшаны төлеп, жаза салғаным артық. Маған солай оңайырақ болды. Мен арнайы адамға шықтым. Және сол жетекшім қорғаған кезде айтатын сөздеріме дейін жазып берді».

Өкініштісі, Абзал сияқты «жаздыра салғаным артық» дейтіндер көп қазір. Мұндайларға желіде жарнаманың түр-түрі бар. Бағасы 50 мыңнан бастап кете береді. Тіпті сұраныстың қызып тұрғаны сонша- хабарласатындар кезекті бір жыл бұрын алып қояды екен.

«Обычно все пораньше заказывают потому что у нас очереди выстраиваются уже на следующий год».

Бірнешеуімен сөйлесіп, анық-қанығын білгенен кейін, мынадай қызықты байқадық. Дипломдық жұмыстарды бір адам барлық сала бойынша жаза береді. Мәселен медицинадан мүлдем алыс біреу сізге диссертацияны бір-екі аптада дайындап беремін, дейді. Сонда жеті жылдық оқудың керек болмай қалғаны ма?

«Вы работали в этой сфере, вы хорошо знаете? Нет когда мы пишем, мы же ссылаемся не на практику, а на текущий материал. пишем ссылаясь на летературные источники, книги, те же интернет источники».

Одан бөлек, бұл пысықайлар, «антиплагиатты» да қалай алдау керектігін үйретеміз дейді. Білмейтіндерге бұл студент жұмысын өзі жазды ма, әлде бір жерден көшіріп алды ма, соны тексеретін бағдарлама. Алайда, ұстаздар дайын жұмысты бірден ажыратамыз, дейді.

Сәуле Тапанова, профессор:

«Әрине айырмашылығы болады. Дайын жұмысты алып келсе, мен осы бірнеше жыл болды, мемлекеттік емтиханда студенттерді қабылдап жүрмін, сол кезде сұрақтар қойылады. Студентің өзінің жазған жұмысы көрініп тұрады да, еркін сөйлей алады олар. Қорғай алады».

Бұл мәселе тиісті министрліктің назарына да ілікті. Ведомство өкілдері, аталған проблеманы шешуде мынадай жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары

«Мектеп жасынан бастап оқушылар әр түрлі рефераттар жазады, әр түрлі шығарма эссе жасзады. Осыны жазу кезінде ашықтықты қалыптастырып, көшіріп алу немесе басқа біреудің еңбегін пайдаланып қою деген сияқты мәселелерде үлкен назар аударып жатырмыз».

Алайда жасыратыны жоқ, дипломдық жұмысын ақшаға жазып жүргендерді былай қойғанда, дипломның өзін сатып алып, жалған құжатпен жұмыс істеп жүргендер де көп бүгінде. Бірақ ол енді басқа тақырып.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір