• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:53:47
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қазан, 2019 Аймақтар

Байзақта баянды бастамалар бар

Елбасы Жарлығымен бекітілген "Жастар жылында" Жамбыл облысының Байзақ ауданында да атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды.

Бүгінгі күні ауданда жалпы тұрғындар саны 105827 болса, оның 25 365-і 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды, немесе 24,4 пайыз. Мемлекеттік жастар саясатының тиімді іске асырылуына жауапты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесін қаржыландыру жыл сайын өсуде. 2017 жылы 26,8 миллион теңге қарастырылса, өткен жылы - 39,6 миллион теңге, ағымдағы жылы 44,4 миллион теңге қарастырылды. Орталықта жалпы 25 маман қызмет атқарады. Өңірде жастар саясатын жүргізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 1 миллион теңге бөлінді.

Сонымен қатар, барлық ауылдық окургтерде жас толқынмен жұмыс жүргізетін арнайы мамандар қамтылған. Олар толықтай материалдық-техникалық базамен қамтылып отыр. «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің әлеуметтік лифтімен жоғарылауы негізінде мемлекеттік қызметке 15 адам ауысып, қызмет атқаруда. Бүгінде аудан бойынша жас мемлекеттік қызметкерлер саны 46 адамды құрайды.

Ал, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында түрлі форматтағы шаралар, оның ішінде "Кеңес беру алаңдары" жұмыс жасауда.

Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 10 жас көтерме жәрдемақымен, 2 жас тұрғын үй алу үшін несиемен қамтылыпты.

Сондай-ақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдар аралығындағы «Еңбек» бағдарламасы аясында өз ісін ашатын 29 жасқа дейінгі азаматтарға қайтарымсыз гранттар беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығына тіркелген 117 үміткердің жетеуі «Бастау –Бизнес» жобасы, ал үшеуі қысқа мерзімді үш айлық кәсіптік оқуды бітіріп, арнайы сертификат алған, жобалары дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Жастар жылында Бәйтерек ауылдық округінде ашылған жаңа саябақ ішінен "Жастар аллеясын" ашу жоспарлануда екен.

Ауданда жастарды тәрбиелеу, «Еріктілер мектебі» жобасы аясында волонтерларды аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «Жан жылуы» атты акциясын жыл бойында өткізу де тұрақты түрде ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күнге дейін акция аясында көптеген көмек көрсетіліпті.

Жастардың жағдайына тиімді талдау жасау мақсатында, жастар төлқұжаты дайындалып және үнемі жаңартылып отырады. Паспортта жастардың негізгі даму бағыттары бойынша статистикалық көрсеткіштер мен ақпаратты-аналитикалық материалдар көрсетілген. Бұл жастар саласындағы жұмысты жетілдіруге және түйінді мәселелерді шешуге көп көмегін тигізеді.

Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. 2019 жылы өзінің тиімділігін көрсеткен және жастармен мекен-жайлық жұмысқа бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және орналастыру, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастардың бос уақытын ұйымдастыру сияқты ұзақ мерзімді жобалар жүзеге асырылатын болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір