• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:14:04
Алматы
+35°

Инфрақұрылымды дамыту-Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айқындалған міндеттің бірі. Бұл тұрғыда Президент «Еліміздің әр аймағының тұрғындарының таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі біркелкі емес екені белгілі.

Осы теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру қажет.

Елбасының тапсырмасы бойынша «Сарыарқа» газ құбырының магистралды желісінің бірінші кезектегі құрылысы аяқталып келеді.

Келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында және Қарағанды, содан соң Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тарату желілерін салу жұмыстары басталады.

Мемлекет осы мақсатқа сәйкес 56 миллиард теңге бөліп отыр. Нәтижесінде 2,7 миллионнан астам адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауыз сумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді» деп атап көрсеткен болатын.

Бұл бағытта Жамбыл облысында да нақты жұмыстар атқарылып, нәтижесін беруде. Биыл қала маңындағы 7 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда ол бойынша жобалық сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, жүйелі жұмыстар көп ұзамай өз жемісін береді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Тараз тұрғындарының тоқсан пайызы таза ауыз суды пайдаланып отыр. Жыл соңына дейін жоспарланған жеті елді мекендегі құрылыс аяқталса, қала толық таза ауыз сумен қамтылады. Осы жұмыстардың нәтижесімен республика рейтингісінде өңір көрсеткішін көтеруге де мүмкіндік тумақ.

Жалпы, облыс бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған 199 елді мекен бар. Ал ондағы 130 мың отбасы әлі де суды сырттан тасымалдап отыр. Осы орайда аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бұл тұрғындарды 100 пайыз толығымен жүйеге қосу керектігін баса айтып, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Бүгінде бұл бағытта ілгерілеу бар. Сонымен қатар Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес, жаңа жобалар да жанданғалы тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір