• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:46:03
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қазан, 2019 Аймақтар

Маңызды жобадан меценаттар қалыс қалмайды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді түлету туралы тағылымды ойлар айтылғаны белгілі. Тіпті, «Туған жер» жобасы да қолға алынып, еліміздің аумағында ауқымды істер атқарылуда. Бұл тұрғыда жамбылдық кәсіпкерлер де Әулиеата өңірін дамытуға өзіндік үлестерін қосып жатыр.

-«Туған жер» жобасының ерекшелігі – оны жүзеге асыруға өңірлерді де белсенді тартуында болып тұр. Облыстар, шағын қалалар, аудан, қала берді әрбір елді мекенді көркейтуге ұмтылуда. Бұл ретте кәсіпкердің, мецанаттардың азаматтық белсенділігі бізге көп көмегін тигізіп отырғанын айтқан жөн. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілетін патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі.

Былтыр аталған «Туған жер» жобасы аясында Қазақстан Республикасының спорт шебері, әйелдер арасында бокстан кәсіпқой Әлем чемпионы Фируза Шарипова өз бастамасымен екі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған Жолдыбаевтар жанұясына автокөлік сыйлады. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевтың демеушілігімен шаһарда «Ғибрат» орталығы ашылды,-дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев, «Альтаис групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлімбек Жұмабаев Тараз қаласының тұрғындары – Тұрғановтар және Әбілбашировтердің отбасына пәтер кілттерін табыс еткен.

Ал, 2017 жылы «Казфосфат» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өз қаражатына «Мыңбұлақ» шағын ауданында әмбебап заманауи спорттық алаңшасын салып берді. Спорттық алаңшада бір мезгілде 25 бала спорттың волейбол, баскетбол, шағын футбол ойнауға жағдай жасалған. Мұндай игі бастамаларға үн қосып жүретін мецанаттар қатарында қалалық мәслихаттың депутаты Руслан Канда бар. Ол «Самал» шағын ауданында 25 және 30 үйлердің ауласына бейнекамераларды орнатып берді.

Сондай-ақ Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов 12 талапкерге, оның ішінде Тараз футбол клубының қосалқы құрамының 9 футболшысына, 3 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін оқу грантын тағайындады. Айта кету керек, өзге кәсіпкерлер де игілікті істен қалыс қалып жатқан жоқ.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір