• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:39:45
Алматы
+35°

Жамбыл облысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қызмет көрсету үшін лизенция беру ісі жүйелене түсті. Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен өңірдегі лицензиаттардың деректер базасы құрылды. Нәтижесінде түрлі коммерциялық мақсатта лицензияны жөн-жосықсыз беруге шектеу қойылмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен 2015-2019 жылдар аралығында 568 лицензия берілген. Сонымен бірге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті тарапынан берілген лицензиялардың жалпы саны 479-ті құрайды.

–Ағымдағы жыл басынан бері басқармаға сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қызмет көрсету үшін лицензия алуға немесе қайта рәсімдеуге 150 өтініш түсті. Біз оның небәрі 22 пайызын қанағаттандырып, 34 заңды тұлғаға лицензия бердік. Өткен жылы бұл мәселе бойынша бізге 222 өтініш түссе оның 29 пайызын қанағаттандырып, 66 заңды тұлғаның тиісті қызметтерді ұсынуға қабілетті екенін расталды. Өз кезегінде бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауына алынып, лицензиаттардың деректер базасы құрылып, оларға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг барысында бір өндірістік база мен бір техниканы 10 лицензиаттың жалға алу фактісі де тіркелді. Сондай-ақ лицензиаттардың өндірістік базасының мекенжайын жалған көрсету фактілері байқалады. Құрылыстың сапасына әсер ететін осы фактілерді көрсетіп, лицензия түріне қарай өндірістік базаның көлемін, материалдық-техникалық жарақтандырылудың нақты құрамын белгілеу жайында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің салалық орынбасарына, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хат та жолданды, –дейді Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қанат Айтқұлов.

Басқарма басшысы өңірдегі лицензиаттардың деректер базасы құру нәтижесінде заңсыз лицензия берудің алдын алу, салаға маманданған лицензиаттардың толық тізімін қалыптастыру, сапасыз құрылысқа жол бермеу шараларына қол жеткізілетіндігін айтады. Мұнан өзге деректер базасы арқылы тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қызмет көрсететін кәсіпорынның жоғары білікті инженер-техниктерінің және әкімшілік-өндірістік базаларының болуы, материалдық-техникалық жабдықталуы сынды мәліметтермен де жақынырақ таныса алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір